Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Мен неге күйеуімнің көзіне шөп салып жүрмін...

30 Қазан 2014, 11:15
0
www.proza.ru
www.proza.ru

 Құрметті «Алаш айнасы» интернет газетінің ұжымы. Қолыма қалам алып сіздерге хат жолдап отырмын. Өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтып, сырымды ақтаруға бел будым. Әйел өте нәзік жан. Менде сол ет пен сүйектен жаралған әйелдің бірімін. Бақытымды қырықтан асқанда таптым. Жиырма жылдай отбасын құрған күйеуімнен төсек ләззатын ала алмадым. Ал, қазіргі таңда өзімді аялайтын жас жігітпен кездесіп жүрмін. Әйел адамға жыныстық қатынастың тигізер пайдасының көп екенін түсіндім.

Мен Оңтүстік өңірінің шалғай ауылында өстім. Ауылдың тәрбиесін алған ұялшақ, биязы қыз едім. Мектеп қабырғасын бітірегеннен кейін, менде арман қуып қалаға оқуға келдім. Жоғары оқуға түсе алмай, педогогикалық колледжге оқуға түстім. Оқуымды жақсы бағамен бітіріп, өзімнің туып өскен ауылыма келдім. Ауылдың мектебіне жұмысқа орналастым. Көп ұзамай ауылдың бір жігітінің көзіне түсіп, алып қашудың құрбанына айналдым.

Шынымды айтсам, мен күйеуімді үйіне алып барғанда бірақ көрдім. Жолдасым асып бара жатқан сұлу емес еді. Сонымен қатар, ол менен он үш жас үлкен болатын. Ол мені алып қашып үйіне барғанын естіген ата-анам үлкен әпкемді жіберген еді. Әпкемді көріп жылап жібердім. Бас салып кетем, кетемге шықтым. Әпкемде менің өз еркіммен келмегенімді біліп, алып кетпекші болды. Бірақ, ауылдың ақ шашты әжелері табалдырыққа нан қойып, онымен қоса өздері де жатып алды. Үлкен кісінің тәрбиесін көргендіктен болар, наннан аттап кете алмады. Сөйтіп, «барған жерде судай сің» деп қала бердім.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай