Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.83
EUR / KZT - 349.96
CNY / KZT - 45.13
RUB / KZT - 5.50

Көлігіңізді сатып қор биржасында ойнауға батылыңыз жете ме?

28 Қараша 2014, 10:10
0

 Кеше ғана Жапонияның экономика, сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігі халықты «Баюға, ауқатты болуға мәжбүрлеу туралы» заң қабылдау қажеттігін жалпақ жұртына жария етті. Бір қарағанда халықты мәжбүрлеп бақытты ету, байыту мүмкін емес тәрізді. Әйтсе де осы арқылы Жапон өкіметі өз халқына «адамға бақытты болуға, баюға ұмтылу керектігін заңмен ұғындырамыз» деп отыр. Ал олардың бұлайша заңға өзгеріс енгізуге талпынуы бізге ой салмай қоймады.

Жалпы, бізде қазір аяқ астынан қаржы қажеттілігі туа қалса, көпшілік қауым бірінші банктен несие алуға ұмтылады. Хош, несиені алуын аларсыз. Бірақ «қарыз күліп келіп, жылап қайтатынын» ұмытып кететініміз бар. Негізінде, несиені қайтару барысында қаражатты одан асыра төлейсіз, соның нәтижесінде жұмсалған ақша көлемі екі есеге айтарлықтай молаяды. Ендігі бір қаржыны қолға түсіру көзі – ағайынға, қатар-құрбыларға, туыстар мен таныстарға салмақ салу. Бұл қалай болғанда да бұрынғы сыйластығыңызға сызат түсірмей қоймайды. Өйткені ақша қолға тигенше «ал енді мына күні қайтара қоямын, тек асығыс керек болып тұрғаны ғой» деп өзіңізше сырт көзге сенімділік танытып, «сырбазсығаныңызбен», мерзімді күні қарызды қайтара алмасаңыз, қадіріңіз кете бастайды. Енді не істеу керек? Әсілі, мұндайда ең тиімдісі – ешкімнен қарыз алмауға ұмтылу. Ол үшін белгілі бір сомада артық ақша қоры болуы қажет. Алайда күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, мұндай қауіпсіздікті екінің бірінде бар деп айта алмаймыз. Дегенмен сарапшылардың пайымдауынша, қазақстандықтардың шамамен 47 пайызының келешегін инвестициялауға мүмкіндігі бар көрінеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай