01 ақпан 2017 | 18:50

Тойды көктемге жоспарлап отырмыз. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тұңғыш сұхбаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева туралы жаңалықтар жұрттың назарынсыз қалмайды. Оның жеке өмірі миллиондаған адамның назарында. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Баян Есентаева туралы жаңалықтар жұрттың назарынсыз қалмайды. Оның жеке өмірі миллиондаған адамның назарында. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берді.

Tengrinews: Сіздердің жұп қызу талқыланып жатыр. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қодланушылары үйлену тойының нақты қашан өтетінін білгісі келеді.

Баян Есентаева: Меніңше бұл сұрақ ер адамға қойылды.

Тұрсынғали Алагөзов: Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек - меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын.

Tengrinews: Баян Мақсатқызы көпшіліктің алдында жүруге үйреніп қалған шығар, ал Тұрсынғали жұрттың назарына енді түсті. Сіздердің көңіл қосқандарыңыз жайлы жаңалықтан бұрын Instagram желісінде 500-ге жуық жазылушы болса, қазір ондаған мыңға жетті. Алайда қазіргі уақытта сын да айтыла бастады. Бұған сіздің жақындарыңыздың көзқарасы қандай?

Тұрсынғали Алагөзов: Күрделі жағдай. Қаншама адам қуанып жатыр. Кейбіреулердің көңілі түсіпті. Қазір дәл айтып сипаттау қиын. 

Tengrinews: Бірақ жұрттың пікірін бақылап отырасыз ба? Тіпті пікірге жауап беріп жүр екенсіз.

Тұрсынғали Алагөзов: Әлеуметтік желі - өмірімдегі жаңа парақ. Бұл алғашқы тәжірибе. Желіде парақшаң болса, оның да жауапкершілігі бар екенін түсінемін. Не жазуыңды, не сөйлеуіңді түсінуің керек. Мен үшін танымал адам болу - жаңаша бір әсер.

Tengrinews: Баян Мақсатқызы, сіз таяуда жала жапты деп сотқа жүгінген едіңіз.

Баян Есентаева: Осы істе білікті екенім, бұл нарықта 20 жыл жүргенім жайлы көп айтылды. Әдет деген нәрсе бар - сынға, мақтауға байыппен қараймын. Алайда әріптестерімнің - БАҚ-тың әрекетіне байыппен қарай алмаймын. Себебі олар жағымсыз дүниелерді ерекше ықыласпен таратады. Меніңше, бұл құрметсіздік, сондықтан заң аясында әрекет еткім келді. Осы әрекетімнен кейін айтылып жатқан сын біршама уақытқа тоқтап қалды. Қолданушыларымның пікірін оқимын, әрине. Анда-санда көңілге тиетін сөз айтады. Мұндайға жауап қатпауға тырысамын, десе де әдет, иммунитет деген де түсінік бар ғой. Түсініп, қолдау білдіріп жатқандарға алғысым зор. Бірақ кейде жағымсыз пікір жазатындарға да жауап бергің келеді. Бар мәселе жұрттың алдындағы адам болғаныма байланысты. (...) Мәселе маған келгенде мен неліктен қоғам таңып отырған стандарттармен өмір сүруім керек? Мен де қарапайым адаммын. Жақсы көрмеуге де, жақсы көруге де құқым бар. Өзге әйелдерден айырмашылығым жоқ. Өзімді ешқашан үлгі деп атамағанмын. Қоғам болса адал әйел, жақсы ана, адал, батыл, тәртіпті болу керек деген түсініктерді ұстануым керек деп есептейді. Бірақ менің де қателесуге құқығым бар. Ісімнің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді. Мен ессіз ұнатып, миымды реттемеген болып шықтым. Алайда кейде сананың жүрекке бағынбайтын сәттері болады, ал мұның алдында бәрі де керісінше еді. Ертеде мен әрбір қадамымды есептеп, ойластыратынмын. Ісімнің барлығы да таразыланатын еді. Ал енді 42 жасымда осындай жағдай болып отыр, өз-өзімді тоқтата алмай, не болып жатқанын да түсіндіре алмайтын жағдай.

Tengrinews: Тұрсынғали, осыған дейін әріптестерімізге қалай танысқандарыңыз жайлы айтып берген едіңіз. Енді Баян Мақсатқызының аузынан естігіміз келеді.

Баян Есентаева: Жұмыс бабымен жүріп таныстық. Құрбым телефон шалып, "Аналар үйі" жайлы сериал түсіргісі келетін меценат жігіттер жайлы айтты. Дым да түсінбедім. Сондықтан бірден келісім бермедім. Маған "өтінемін, жігіттер телефон соғады, Тұрсын деген" деді. Келісім бердім. Осы кезде қоңырау шалынды. Құлаққа жағымды ер адам даусы, әдеппен сөйлесті. Әдеттегідей сағат түскі екіде кездесуге келісім бердім. Бұл өткен жылдың наурызы болатын. Кездесуді түске дейінгі уақытқа қоймайтын едім. Тұрсын көмекшісімен келді. Әңгіме барысында қалай сериал түсіру керек екені жайында кеңес сұрады. Қандай технологияны қолдануға болатынын айтып бердім. Іскерлік кездесу болды. 

Tengrinews: 10 маусымдағы оқиға кезінде Желіде екеуіңіздің бірге ұшып келгеніңіз жайлы қауесет тарады. Бірге болдыңыздар ма?

Баян Есентаева: Иә, шын мәнінде бірге болдық, мұны жасырған да жоқпын, біз өткен жылдың көктемінде таныстық. Мен тұрмыста едім. Бірақ мен тұрмыстағы өмірім жайлы, ажырасқым келгені жайлы осыған дейін де айтқанмын. Мұнда менің жеке өмірім жайлы әңгіме болған жоқ. Іскерлік кездесу болды, ешкімде "іс насырға шабады" деген ой болмады. Сосын Тұрсын маған "Жағдайыңыз қалай? Тіс дәрігеріне қаралдық" деп жазып жіберді. Сөйтсек, екеуміз 20 жыл бойы бір тіс дәрігеріне барып жүріппіз. Сосын осылайша әңгімеміз жарасып кетті.

Тұрсынғали Алагөзов (күліп) : Сосымен пломба қай тісіңізде тұр деп сұрадым. 

Баян Есентаева: Міне, алғашқы кездесу іскерлік жағдайында болды, Ал Тұрсын бірдеңе сезген сияқты. 

Tengrinews: Тұрсынғали, сіз де отбасы жағдайыңыз жайлы мәселе болды ма? Басқа басылымдарға берген сұхбаттарыңызда жұбайыңыз жайлы айтып қалдыңыз.

Тұрсынғали Алагөзов: Баянмен танысқан кезімде мен ажыраспаған едім. Қазір болса ажырасу үстіндемін. Бұл неге ұзаққа созылып жатқан процес дейтін шығарсыз, мен - бизнесменмін, заң бойынша бөлінетін мүлік бар, осыған байланысты, банктерге байланысты кейбір мәселелер болды. Осының барлығын аяқтауға уақыт керек. Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. (...) Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды.

Tengrinews: Ал енді осы жағдайлардан кейін, кейбір адамдар бұрынғы күйеуіңізге қатысты ылмыстық істі қайта қарау керек деген пікір айтып жүр.

Баян Есентаева: Ол жасаған қылмысы үшін бостандығынан айырылды. Бірақ ең қорқыныштысы - адамдардың оның әрекетін құптап, "дұрыс істеді" деп жатқаны. Яғни адамдар көзге шөп салған әйелді жазалау керек деп есептейді, осыны қолдайды. Демек некедегі әйелдің барлығын біреуді ұнатып қалғаны үшін жазалайық онда. Қоғамның қылмыскерді ақтап, дұрыс істеді деуі - үрей туғызады. Пышақ ала жүгіретіндерді ақтайтын адамдар неге сонша қатыгез?  

Tengrinews: Бұрынғы күйеуіңізбен хабарласып тұрасыз ба?

Баян Есентаева: Мен араласпаймын, балалар хабарласып тұрады. Оларға ешқашан тыйым салмадым, оның үстіне ол - жақсы әке.

Tengrinews: Оқиға болған 10 маусым күні бірге оралғаныңызды мойындап отырсыз. Кейбіреулер Баянды неге арашалап алмадыңыз деген сұрақ мазалайтынын айтады.

Тұрсынғали Алагөзов: Мен Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанмын. Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Ол бірінші кезекте құқық қорғау органдарына хабарласуы керек еді. (...) Адамдардың әсіресе дымды білмей, түсінбей жатып, қорлау сөз айтатыны көңілге тиеді. "Сен кінәлісің" деп, еш ойланбай айта салады.

Tengrinews: Оқиғадан кейін ауруханада Баянның қасында болдыңыз ба?

Тұрсынғали Алагөзов: Иә, сол күні үйге барып, бұрынғы әйеліме бар шындықты айттым - ажырасу туралы шешімімді айттым. 

Tengrinews: Бірігіп, демалысқа барып келдіңіздер, үйлену тойына дайындалып жатырсыздар. Баян, осыдан кейін фамилияңызды өзгертесіз бе?

Баян Есентаева: Менің атым онсыз да "Баянесентаева" болып кетті, Instagram-дағы аккаунтымды бұл мақсатта өзгерткен жоқпын. Адамдар мен жайлы жай ғана "Баян" деп сөйлемейді. Енді ауыстырғым келеді, себебі мен Есентаевтың әйелі емеспін. Енді Алагөзовтің жұбайы болғым келеді. Баян Алагөзова болғым келеді. Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, шешесі Есентаева, әкесі Алагөзов болып жүргенімізді қаламаймын.

Tengrinews: Тұрсын, сіз жетістікке жеткен бизнесменсіз, "Баянның күйеуі" деген аттан қорықпайсыз ба?

Тұрсынғали Алагөзов: Қорықпаймын, мен өзіме сенімді адаммын. Басқаша ойлайтындардың сөзімен де таласып жатпаймын. 

Tengrinews: Ал киноға түскіңіз келмей ме?

Баян Есентаева: Мен Тұрсынға киноға түсетіндей кескінді екенін айтамын. Бізде 40-тан асқан, дене-тұрпаты келіскен, бойшаң, сымбатты ер адамның рөліне адам табылмайды. Тұрсын бұған қатысты ойланамын деді. Бізде бір жағдай болған, мен Тәуекел Мүслімнің анасының образын сомдауым керек болды, бірақ әкесінің рөліне адам таппадық. Көп іздедік. Нәтижесінде суретші Нұрлан Төрехановты шақырттық. Мен сол кезде Тұрсынға "Сымбаттысың" деп айтқанмын. Бірақ ол "жоқ" деді.

Тұрсынғали Алагөзов (күліп): Бірақ мұның алдында Баян тегін түсуім керек екенін айтқан. Мен іскер адам болғандықтан "жоқ" дедім. Алайда неге кинода өзімді сынап көрмесек? Оның үстіне әкем - музыкант, шығармашылығы маған азық болды. Әскерден оралып, Республика сарайының алдында серуендеп жүргенімде бір әйел келіп, фильмге түсуге ұсыныс жасаған. Сөйтсек, қытай императоры туралы фильмде массовка қажет болыпты.

Tengrinews: Баян Мақсатқызы, осыған дейін Астанаға көшемін деген едіңіз.

Баян Есентаева: Қазір жоспарымызды бірге талқылаймыз, ер адамның пікіріне байланысты. Қандай мәселе болса да, Тұрсынмен ақылдасамын. Қазір де ер адаммен бірге бірінше рет сұхбат беріп отырмын. Сұхбат алдында іскерлік кездесу болды, бизнесте тәжірибесі бар адаммен бірігіп, бірінші рет келіссөз өткіздім. Өмірімде бизнесті үйрететін адам пайда болды.

Tengrinews: "Махаббат станкциясы" фильмінің жалғасы түсіріледі деген де болжам аайтылған, КешYou тобының жаңа құрамын таныстырасыз деп те естідік. 

Баян Есентаева: Демалыстан кеше ғана келдік. Қалпыма келуім үшін ұзақ уақыт қажет болды. Тұрсын психикалық жағынан сау әрі бақытты сезінуім үшін бар мүмкіндікті жасады. Осы кезеңде көп жағдай болды, жарты жыл бойы қалыпқа келдік. Фильмнің жалғасына продюсерлік еткім келді. Жалғасына авторлық құқық алу үшін "Қазақфильм" өкілдерімен келіссөз де жүргіздік. 

Tengrinews: Тұрсын, сіз "Аналар үйінің" меценатысыз.

Тұрсынғали Алагөзов: (...) Менің анам балалар үйінде өскен, өз анасынан ала алмаған жылуды ойлап, басқа балалардың ана мейірімінсіз өсіп жатқанын айтатын. Сондықтан осы жобаны қолдай кеттім. Меніңше, 10 жылдың ішінде осы жобаның арқасында баласынан бас тартатын ата-аналар болмайды.

Бірге орындағымыз келетін жоба мен жоспар көп. Сұхбат соңында оқырмандарымызға, қолданушыларымызға не айтқыңыз келеді? Сіздер жайлы жаңалық әрқашан қызығушылық туғызады, алайда әрдайым жағымды пікір ғана жазыла бермейді. Оқиғаларыңыз фильмнің дайын тұрған сценарийі.

Тұрсынғали Алагөзов: Менің айтқым келетіні - бізді сөге-жамандамаңыздар, адамдар Баянның да, менің де отбасыма түсіністікпен қарағанын қалаймыз. Біреудің көңіліне тию оңай, көп адам ойланбастан, көңілге тиетін сөз айтады. Әрбір адам сынай алады, бірақ сынның негізі болуы керек. Таяуда Баянның парақшасына кіріп көрдім, 16 мың пікір бар екен - бұл дегеніңіз оған бей-жай қарай алмайтын 16 мың адам. Жақсы сөздер көп, жағымсызы да бар.

Баян Есентаева: Тұрсын менімен танысқанда "Баян, сіз сериал түсіреді деп естідім" деп сұрақ қойды. Яғни ол шоу-бизнес жайлы білмеген. Сонда мен "Біздің елде мені танымайтын адамдар да бар екен ғой" деп ойладым (күлді). Бұл жақсылықтың нышаны. Оның алдында мен сериал түсіретін қарапайым адам ғана болдым.

Әңгімелескен Әсемгүл Қасенова.

Фото: Владимир Дмитриев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети