Сооронбай Жээнбеков туралы 11 дерек

16 Қазан 2017, 10:49
1

Қырғызстанның орталық сайлау комитетінің мәліметтері бойынша, елдегі президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков алда тұр. Sputnik Қырғызстан сайлауда жеңіске жеткен Жээнбеков туралы 11 дерек жариялаған екен. 

1. Сооронбай Жээнбеков - Қара-Құлжа тумасы Шарип Жээнбековтің көпбалалы отбасында үшінші ұл. Үйдің үлкені Конторо ғылым адамы және саясатпен байланысы жоқ - ғылым докторы, профессор және Жалал-абад Экономика және кәсіпкерлік университетінің президенті болған. Ол биыл сәуірде, 69 жасында көз жұмған. Екінші ұл Жүсіпбектің тегі Шарипов (62 жаста), Кувейтте елші. Төртінші ұл Асылбек (53 жаста) парламенттің бұрынғы спикері. Бесінші ұл Жыргалбек туған жері - Ош облысында тұрып жатыр. Ал үйдің кенжесі, марқұм Искендер Жээнбеков мықты заңгер ретінде танылған - 28 жасында ол Ош облысының прокуроры болған екен. Сонымен қатар, бұл отбасында бес ұлдан бөлек екі қыз болған.  

2. Қазір 58 жаста, ұлы мен қызы бар. Отбасылық өмірін жария қылмайды.

3. Узгенде орыс тілінің оқытушысы болған.


Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков. Сурет ©Үкіметтің баспасөз қызметі/Сабыр Аильчиев

4. Үш рет Жогорку Кенешке депутат болып сайланған. Халық өкілдерінің жиынында (парламенттің жоғарғы палатасы) Аграрлық істер комитетін басқарған. 

5. Мемлекеттік қызметте ең ұзақ отырған орны - Ош әкімшілігін бес жыл бойы басқарған. 

6. Ауыл шаруашылығы министрі болып тұрып, 2007 жылы шаруаларға мемелекеттен көмек күтпей, өз күшіне сенуге шақырған. Фермерлерге кооперативке бірігуді ұсынған. 


© Үкімет баспасөз қызметі/Сабыр Аильчиев

7. 2010 жылдың 10 сәуіріндегі оқиғалар кезінде ағайынды Жээнбековтер өмірі мен лауазымына қауіп төнгеніне қарамастан, Оштағы митингке қатысқан. 

8. 2016 жылдың сәуірінде Жээнбековті министрлер кабинетінің жетекшісі орнына ұсынған уақытта, ол "премьер-министр болуды түсінде де көрмегенін" айтқан. 

9. Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы және Қырғыз КСР орталық атқару комитетінің төрағасы - Абсамат Масалиев ең кемел саясаткер болған деген ұстанымда. 

10. Есте қаларлық айтқан сөздері: "Чык эшикке!". Биыл 20 маусымда Чон-Алай және Кадамджай аудандарында болған ТЖ салдарын жоюға арналған отырыс кезінде айтқан. Жээнбековтің сұрағына Қала құрылысы басшысы Алмазбек Абдыкаров жауап бере алмаған еді. Жээнбеков оны шығарып жіберді. Осыдан кейін "Чык эшикке" сөзі интернет-мемге айналды. 

11. Жергілікті газеттердің біріне берген сұхбатында "Алладан басқа ешкімге және ешнәрсеге сенбейтінін айтқан".

Кaktus.media порталының мәліметі бойынша, Сооронбай Жээнбеков 1976 жылы орыс тілінің мұғалімі болған. 1996 жылдан саяси мансабын бастады. "Үш рет Жогорку Кенеш депутаты және ауыл шаруашылығы министрі болды. 2010 жылдан кейін Ош облысын басқарды. Мемлекеттік кадр қызметі басшысының орынбасары, президент аппаратының жетекшісі болды. 2016 жылдың сәуірінен биылғы тамызға дейін үкімет басшысы. Кейін ол президент сайлауында үміткер болды", - деп жазыпты портал. 

Жээнбековтің жұбайының аты - Айгүл. Мамандығы белгісіз, үй шаруасында. Қызы Бақтыгүл Қырғыз-Ресей Славян университетінде білім алуда. Былтыр тұрмысқа шыққан. Күйеу баласы - депутат Алиярбек Абжалиевтың ұлы - Атабек. Жээнбековтың Алиаскар атты бір немересі бар. 


Сооронбай Жээнбековтың әйелі мен қызы.

"Інісі Асылбек Жээнбеков (53 жаста) V шақырылымдағы Жогрку Кенештің спикері болған. Қазір ҚСДП фракциясының депутаты. 2016 жылы Сооронбай үкімет басшысы болғандықтан інісі төраға орнын босатуы керек болды. Өз билігі кезінде парламент ғимаратында намазхана ашқанымен есте қалған. Әулетінде ең кіші болғанымен беделі артық", - деп жазады портал. 


Асылбек Жээнбеков. сурет: ktrk.kg

Табыс декларациясы бойынша, Жээнбеков былтыр 870 мың 1 сом табыс көрген. Сонымен бірге, ол ауданы 160 шаршы метр үйі, 60 шаршы метр саяжайы және 48,04 гектар шаруашылық жері барын көрсеткен. 

"1 700 түп алма ағашы бар, екі мың терек пен вагон-үйі және МТЗ-80 тракторы бар. Ал Жээнбековтің туыстары айтарлықтай көп табыс көрген - 2,4 миллион доллар. Олардың басында 64 шаршы метр пәтер мен он гектар ауылшаруашылық жерлері бар. Былтырғы декларациясында оның 66,6 гектар жайылым жері көрсетілген. Декларация бойынша, жайылым жерлер жекеменшік емес, 2015 жылы жалға алынғаны белгілі болды. Қазір бұл жерлер оның иелігінде емес", - деп атап өтіпті басылым. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай