Екі жыл Шымкент әкімі болғаннан кейін Ғабидулла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. Tengrinews.kz редакциясы Әбдірахымовтың қала басшысы болған уақытындағы есте қаларлық бірнеше ісін атап өтеді.
Екі жыл Шымкент әкімі болғаннан кейін Ғабидулла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. Tengrinews.kz редакциясы Әбдірахымовтың қала басшысы болған уақытындағы есте қаларлық бірнеше ісін атап өтеді.
Ғабидулла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып 2015 жылдың тамызында тағайындалған. Қала басшысы болып тағайындалған күні ол Шымкентті өмір сүру мен туризм үшін ең қолайлы әрі тартымды шаһар етуге уәде берген: Шымкент - өсіп, өркендеп жатқан қала. Халық саны да миллионға жуықтады. Қазір қалаға жер-жерлерден көп қонақтар келеді. Біз оларға Шымкенттің нағыз шырайлы келбетін көрсете білуіміз керек. Қала тұрғындарымен қатар, жан-жақтан келген азаматтар да Шымқаланы тек жақсы қырынан танып, әрдайым мақтанышпен еске алуы тиіс".
Шымкент әкімі қол астындағыларға тротуарларды қалай салуды үйретті
Қала әкімі сала мамандарына Тәуке хан даңғылының бойында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын жылдам аяқтауды тапсырды. "Қаланың бет-бейнесі болып табылатын Тәуке хан даңғылындағы жөндеу жұмыстары аса мұқият болуды талап етеді, - деген болатын Ғабидолла Әбдірахымов.
Велобайк үшін биік өкшелі аяқкиімнен бас тарту
2016 жылы Әбдірахымов велосипедті пайдалану қартасын бірінші болып сатып алды. Ол күн сайын жұмысына велосипедпен баратынын және кері қайтатанын айтып, өзгелерге де осылай істеуге кеңес берді.
"Әйелдерге ыңғайлы аяқкиім кию керек, кеңсеге жеткен соң аяққиімді ауыстыруға мүмкіндік бар ғой. Бәріне велосипедке отырыңыздар деп кеңес берем", - деген еді қала басшысы.
"Көшуге дайындалыңыздар"
Шымкент әкімі болып тұрағын уақытта Ғабидулла Әбдірахымов қаланың көне бөлігіндегі дүңгіршектер мен құрылыс базарын сүргізген еді. Ал сүрілген нысан иелерімен кездескен кезде оларға ақшалай өтемақы берілетінін айтқан болатын.
"Көшуге дайындалыңыздар. Бұл тарихи орын, мемлекет үшін құндылығы бар. Біз "Көне шаһардағы" сауданы осы күйде қалдыра алмаймыз. Түсінем қиын жағдайға қалып отырсыздар, бірақ, мұны жасау керек. Аумақты тазалау жұмыстары көктем мен жазда жүреді", - деген қала басшысы.
Қала бюджетін отбасы қаржысындай бөлу керек
Шымкент маңындағы Қайнарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуде Әбдірахымов бюджетті бөлу бойынша шеберлік сағатын өткізген болатын.
"Қала бюджеті отбасындағы қаржы сияқты бөлінеді. Бір ұл велосипед керек дейді, екінші бала гитара үйренгісі келеді немесе спорт мектебіне бара дейді. Соысын сіз балалармен келісе бастайсыз. Осы айда саған джинсы алайық, келесі айда басқасын деп. Сіздерден де мені түсінуді сұраймын. Қазір мұнда асфальт саламыз, су өткіземіз, ал мұнда ұсақ тас тастаймыз, ал асфальт келесі жылы салынады", - деген Әбдірахымов ауыл тұрғындарына.
Уақытша тіркеуге тұрудың мәнін түсіндіру
Қазақстанда уақытша тіркеу тұру енгізілген уақытта Ғабидулла Әбдірахымов лаңкестік туралы бір сөзсіз-ақ уақытша тіркеудің маңызын өзінше түсіндірген. Әкімнің басты тезисі - уақытша тіркеу адамдардың құқығын қалыпқа келтіріп, жергілікті органдарға жұмысын дұрыс жоспарлауға септігін тигізеді.
"Жалқаулар мен қабілетсіздерге полицияда орын жоқ"
2017 жылдың ақпанында Шымкенттің бұрынғы әкімі қаланың төрт аудандық ЖПҚ басшысына қатаң ескерту жасады. Әбдірахымовтың ойынша, ол кезде көшедегі сауда, такси, тәуліктік пәтер және бос қалған құрылыс алаңдары бойынша мәселелер шешімсіз қалған.
"Жергілікті полиция қызметінің барлық басшысы орнында қалатынына сенімді емеспін. Жұмыстарыңызға риза емеспін, есеп үшін ғана жұмыс істейсіздер. Жалқаулар мен қабілетсіздерге полицияда орын жоқ. Полицияға адам мансап үшін емес, тәртіп орнату үшін келу керек", - деп ашуланағ болатын қала басшысы.
Қызметтік көліктерді пайдалануға тыйым
Жаңа қызметіне тағайындалудан аз уақыт бұрын, 2017 жыл қазан айының ортасында Ғабидулла Әбдірахымов қоластындағы қызметкерлерге қызметтік көліктерді пайдалануға тыйым салды. Бұл қала әкімінің төрағалығымен қоғамдық көлік проблемаларына байланысты өткен жиналыста айтылды.
Бұл жаңашылдығынан кейін қала басшысы БАҚ өкілдеріне жұмыстан кешігіп қалмас үшін автобус артынан қалай жүгіргенін айтып берген еді.
Әбдірахымов мұның алдында да қоғамдық көліктердің жағдайы адам ұяларлық екенін айтқан болатын.
"Шымкент қаласы - зың"
Қалай күнін тойлау мерекесінде сол кездегі қала басшысынан Шымкентті бір сөзбен сипаттап беруді сұрайды. Осы кезде Ғабидулла Әбдірахымов "Шымкент қаласы - заң" деп қалжыңдаған.
Еске салайық, бүгін, 31 қазанда Ғабидулла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. Жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының әкімі болды.