14 ақпан 2018 | 14:51

Отбасыны қалай сақтап қалуға болады? Маман кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) өкілі ерекше отбасылық жұптар мен ерекше үйлену тойлары жайлы айтып берді. Түрксіб аудандық Азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Жанна Дүйсебаева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі отбасылар жайлы, отбасыны қандай қиындықтардың жақындастыратыны және махабатты сақтап қалу үшін не істеу керектігі жайлы әңгімеледі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) өкілі ерекше отбасылық жұптар мен ерекше үйлену тойлары жайлы айтып берді. Түрксіб аудандық Азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Жанна Дүйсебаева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі отбасылар жайлы, отбасыны қандай қиындықтардың жақындастыратыны және махабатты сақтап қалу үшін не істеу керектігі жайлы әңгімеледі.

Жанна Дүйсебаеваның айтуынша, осыдан 30 жыл бұрын үйленген жұптар мен қазір некеге тұрып жатқан жұптардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар.

"Бұған себеп біздегі АХАЖ-дың статусының өзгеруі болуы мүмкін. Бұрын жұптар келгенде гүл, шампан дегендер болушы еді. Ал қазір келіп жатқан жұптардың кейбірі тіпті шолақ шалбар, ашық аяқкиіммен келіп жатады. Жүгіріп келіп, жай құжаттарын алып кетуге келеді. Мейрам екені сезілмейді де", - дейді АХАЖ қызметкері.

"Психологиялық тұрғыдан қарағанда, қазіргі кезде жұптар негізі некеге тұруға дайын. Бізде түрлі тіркеулер мен үйлену тойлары өтіп жатады. Жас ерекшелігі айтарлықтай жұптар жайлы айтатын болсақ, күйеу жігіт қалыңдықтың әкесінен 8 жасқа үлкен болған жағдайлар болды. Қалыңдық пен күйеуінің жас айырмашылығы шамамен 30 жас болғандар да бар. Олар әлі күнге дейін бірге, қыздарының жасы 5-те, екінші балалары 1,5 жаста. Күйеу жігіт қалыңдығы үшін Франция азаматтығынан бас тартып, Қазақстанда тұруға келісті. Сондай-ақ, жасы 80-де және 80-нен асқан жұптар да бар. Бірақ біз әрдайым тіркеуге куәгерлердің, туыстардың келуі керектігін айтамыз. Яғни, осы некенің жалған емес екенін немесе пәтер я қандай да бір мүлік үшін емес екенін түсіну үшін. Бірде бізге қалыңдығы күйеуінен 30 жасқа үлкен жұп келген болатын. Олар әлі де бір-бірін сүйеді. Мұнымен қоса, бізге кәмелет жасына толмағандар да келеді. Оған басты себеп - қалыңдықтарының басым бөлігінің жүкті болып қалуы. Олар физикалық тұрғыда дайын болса да, моральдық тұрғыда олар әлі балалар. 16 жасында үйленіп, өмір бойы бірге болатындар да бар. Бұл нағыз сезім болғандықтан шығар", - дейді Дүйсебаева.

"Жас қыздардың шешімін өзгерту керек болған жағдайлар да кездесті. (...) Тіпті сотталғандардың некесін қидық. SMS арқылы танысып, бір-бірін дұрыс танымай, некеге тұрғысы келгендер болды. Түрмеде отырғандармен де некеге тұрғандар болды. Отбасылары мықты. Cотталушымен некеге тұрған жағдайда біз тіркеу мерзімін қысқартып, барлығын тезірек өткіземіз. Ортақ балалары бар, бірақ некесін рәсімдегендер де бар", - дейді маман.

Сондай-ақ, маман отбасыны қалай сақтап қалуға болатынын айтты.

"(...) Нағыз махаббат жылдар өте өшудің орнына күшейе түседі. Ең бастысы - отбасы құрудың не екенін түсініп ұғыну, яғни, отбасы уақытша немесе тұрақсыз дүниеге негізделмей, керісінше, бір-біріне құрмет пен махаббатқа негізделу керек. Барлық қиындықты бірге өткеру керек. Қазіргі ұрпақтың проблемасы - жұптардың бір-бірінің кемшіліктеріне төзбеуі немесе басқа да материалдық проблемаларға төзімділік танытпауы. Қиындықтар адамдарды бекем етіп, бір-біріне жақындастыра түседі. Жұптардың сол қиындықтарды өткеруі олардың әрі қарай бірге өмір сүруіне әсер етеді. Отбасында ең бастысы қиын кезеңдерде бір-біріне қолдау бола білу", - деді Жанна Дүйсебаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети