Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.39
EUR / KZT - 390.28
CNY / KZT - 52.42
RUB / KZT - 5.36

Супермаркет күзетшісінің ашық әңгімесі

13 Маусым, 14:41
0
© express-k.kz
© express-k.kz

Сіз супермаркетке қаншалықты жиі барасыз? Аптасына бір рет кіретініңіз анық. Супермаркетке кірген кезде сұр формадағы "күзет" деген жазудағы адамға мән бересіз бе? Жауабыңыз иә болса, онда ол супермаркеттегі ең басты адам. Неге екенін төменде түсіндіріп беремін.

Қалай бастық болдым?

Университетте "Қауіпсіздік менеджері" мамандығын бітіргеннен кейін күзетшілікке бардым. Әрине, қалжың ғой, мен бұл әңгімені клубта танысқан қыздарға айтамын. Қауіпсіздік менеджері күзетшімін дегеннен әлдеқайда жақсы естіледі емес пе. Еден жуушыны "Клининг менеджері" деген сияқты. Шыны керек, ол жерге жұрт секілді мен де ақша табу үшін жұмысқа тұрдым. Іріктеу өте қиын болды, отыз алпауыттың ішінен мені ғана таңдап алды (тағы да қалжың). Негізінен тек дене бітімі шыныққан және жұмысқа құлшынысы бар адам керек.

Бұл жерде мен не істеп жүрмін?

Жұмысым қиын, жауапкершілікті талап етеді. Көбісі бізді жай, газет бетіне үңіліп отырғандай көреді. Негізінде жазалау жүйесі өте қатал. Ұрыны ұстап алсаң жақсы, ұстай алмаған жағдайда тауар бағасын сенің қалтаңнан қағып алады.

Бізге қойылатын басты талап - ұрыны дер кезінде ұстау. Супермаркетте ұрының ғана емес, жұмыскерлердің де артынан аңду керек.

Сырттан күзетшілер мониторға телміріп, ұйқысы келіп отырғандай көрінеді. Бірақ кім білсін біздің клиент, кассир, тазартқыш, тіпті әкімшіліктегілерге де көз қырымызды сала жүретінімізді. Иә, иә, есіктің алдында тұратын күзетші бәрін қадағалайды. Кассирлер де ақша ұрлайтын жағдай кездеседі. Мәселен, сіз бір затты сатып алғаннан кейін берілген чекті алмағаныңыз дұрыс емес. Мен қаржы қызметкері болмасам да чек маңызды екенін білемін. Чек берілмеген жағдайда оны кассирден талап ету керек, әйтпесе, ол сатып алған тауарыңыздың ақшасын өзіне қалдыруы мүмкін.

Ұрыны қалай алдауға болады?

Супермаркеттің негізгі сатып алушылары - клиптомандар. Күзетшілердің мессенджерларда ортақ топтары, ұрылардың мәліметтер базасы бар. Ұрыларды сол базаға түскен мәліметтер арқылы танимыз. Олардың ұрлығын байқап, бірақ жіберіп алған болсақ, топқа фотоларын жіберіп, келесі жолы қолға түсіреміз. Клиптомандар ауруға шалдыққан, көрген затын ұрлағысы келіп тұрады. Қателікке бой алдырмау үшін күзеттегілер олардың түрін жатқа білу керек.

Ұрыны ұстап алғаннан кейінгі жағдай клиентке байланысты. Ұрлаған адам салғыласпай бірден кінәсін мойындаса, жағдайды ушықтырмай оны тауардың ақшасы мен айыппұл төлеуін сұраймыз. Талапты орындамай жатса, полиция бөлімшесіне апару қиын емес.

Күзетшілердің ұрыны қалай анықтайтыны көпшілікке қызық. Әдетте тәжірибесі жоқ ұрылар супермаркетке кірісімен жан-жағына жалтақтап, күзетті аңдумен болады. Ал өз ісінің мамандарын су бетіне шығару қиын. Алдыңғы аптада екі ұры мені үлкен соммада шығынға батырды. Бірі ойымды басқа нәрсеге аударып, екіншісі қымбат, жасы менен үлкен бірнеше шотландық сусынды алып кетті. Айта кеткен жөн, супермаркет әкімшілігі полиция бөлімшесінің көмегіне көп жүгінбейді. Ал заң бұзушы қойған талапқа көнбей жатса, полиция шақыру оңай.

Есірткі құмарлар мен қауіп

Әрине, ұрыларды ұнатпаймыз, бірақ кейде күлкі келтіретін жағдайлар болады. Бір әңгіме естідім, супермаркетке ес білместей шегіп алған жігіт кіреді де тұрған тәттілерді жей бастайды. Ал сыртындағы қағаздарын қалтасына салады. Қызық емес пе? Бір жігітті ұрлықпен ұстап алдым. Ол салғыласып, жұдырығын ала жүгірді. Мен оның мойнынан бір ұрдым. Нәтижесінде ол өзін қорғайды деп ағасын шақырады, ал ағасы інісінің мойнынан қайта ұрып, айыппұлды төлеп кетті.

Қоқан-лоқы көрсетусіз болмайды. Ұрыны қолға түсірсең көп жағдайда қорқытып шығады - "қашан жұмыстан шығасың, төбелесейік" деп. Оларды түсіну қиын. Сендер супермаркеттен ұрладым деп ойлайсыңдар. Жоқ, ол менің, отбасым мен бала-шағамның жеп отырған тамағы. Неге мен сендердің ұрлықтарың үшін төлеу керекпін?

Төбелесетін жағдайлар да болады. Ондай адамдарға қараудың өзі жиіркенішті. Түріне қарасаң менен де жақсы киінген, табатын табысы да жақсы секілді. Неге сен ұрлыққа барасың? Бір сағыз бен шоколад үшін төлеу қиын емес шығар? Оған қоса тәкаппарлық танытып, жұдырық ала жүгіреді.

Ең қызықтысы не?

Сені бұрындары алдап кеткен адамды көргеннен артық қуаныш жоқ. Олар әрқашан кері айналып келеді. Басында танымағандай кейіп танытып отырасың, кейін ұстап алғанда бұрын ұрлаған және ұрлап жатқан тауар үшін ақшаңды толықтай қайтарып аласың, ренішіңнен де қоса айырыласың.

Міне, мамандығым жайлы айтып бердім. Әрине, бәрін емес, сіз білмеген сырлар да қалу керек қой. Күзетшілер жайлы қалыптасқан пікірді кішкене болсын сейілттім деген ойдамын. Неліктен әлі күнге дейін осы жұмысты істеудемін десеңіз, себебі мен өз ісімнің маманымын!

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай