Бұл қыз - қазіргі заманның ең танымал опера әншілерінің бірі. Әрбір қойылымда ол - басты назарда. Италиялық көрермендер оған тұрып қол соғады. Әлемдік опера театрының мэтрлері оған таңданысын білдіріп, қайта-қайта серіктестік ұсынып отырады. Әншінің кестесі бір жыл бойына жазылып қойған. Біздің кездесуімізге бір тәулік қалғанда ол Қазақстанда ресми дипломатиялық қабылдауға қатысты. Ал Миланға оралғанда бірден вокал сабағына барды, кейін ғана көрісе алдық.
Бұл қыз - қазіргі заманның ең танымал опера әншілерінің бірі. Әрбір қойылымда ол - басты назарда. Италиялық көрермендер оған тұрып қол соғады. Әлемдік опера театрының мэтрлері оған таңданысын білдіріп, қайта-қайта серіктестік ұсынып отырады. Әншінің кестесі бір жыл бойына жазылып қойған. Біздің кездесуімізге бір тәулік қалғанда ол Қазақстанда ресми дипломатиялық қабылдауға қатысты. Ал Миланға оралғанда бірден вокал сабағына барды, кейін ғана көрісе алдық.
Оның таңдауы Trussardi Cafe-сіне түсті. Ол аты аңызға айналған Ла Скала театрына қарама-қарсы орналасқан. Дәл осы жерде жарты ғасыр бұрын қазақстандық қыздың пір тұтатын адамдары - Мария Каллас пен Рената Тибальди өнер көрсеткен. Бұл опера майталмандары кезінде қазір шетелде Мария шырқайтын партияларды орындаған. "Мен енді-енді Қазақстанды танытып жүргенімді түсінемін. Бұрындары бұл туралы ойланбаппын. Бірақ жылдан-жылға жауапкершілікті сезе бастадым", - дейді әнші.
"Дара тауар" - Назарбаев Димаш Құдайберген мен Мария Мудряк туралы
Фото: Мария Мудряктың жеке мұрағатынан
Forbes журналының нұсқасы бойынша, Мария Мудряк Қазақстанның беделді және табысты әйелдерінің бірі. Опера әлемі үшін осындай жап-жас кезінде бөтен жерде халықты абсолют мойындату - сенуі қиын ғажап құбылыс.
"Мен көп жұмыс істеймін. Жылына концерт пен фестивальдерді қоспағанда шамамен 10 қойылым көрсетемін. Менің демалыс алып, кетіп қалуыма мүмкіндік жоқ, - дейді Мария еңбек күндері туралы. - Қойылым кезеңінде театрда күні бойы жүремін. Ерте тұрамын, себебі дауысты қыздыру керек. Ал бұл айтарлықтай ұзақ процесс. Кешкі сағат тоғызға дейін дайындаламыз. Осылай тұсаукесерге дейін. Бір жыл ішінде демалуға 10 күн бөлсем - жетістік".
Фото: Мария Мудряктың жеке мұрағатынан
Ыңғайланып отырған соң, Мария мінсіз италияншасымен тапсырысымызды берді. Әлі де сондай ақкөңіл, ашық, көзі жайнап тұр. Ол маэстросымен жақында өткен вокал сабағынан алған әсерін бөлісті. Айтуынша, оның ән айтпаған бірде-бір күні болмаған.
"Дауысты әрдайым қалыпқа келтіріп, дамытып отыру керек. Ол да ет қой, сондықтан тонуста ұстау қажет. Мен күнде ән айтамын, ол менің жетіліп жатқанымды білдіреді және бұл айдан анық көрінеді, себебі қазіргі ән салу шеберлігім жарты жыл бұрынғыдай емес. Біз физикалық тұрғыдан өзгереміз, дауыс та сол сияқты. Оны аспаптың құлағын бұрағандай түсеп отырмасаң - әлсірейді".
Фото: Мария Мудряктың жеке мұрағатынан
Далада Миланның рождество алды шамдары жылтылдап тұр. Ымырт кезде қала тіпті тылсым, ерекше көрінеді. Күннің кенеттен суып кеткеніне қарамастан, Мариямен әңгімеміз жайлы болып барады. Маған бұл қыз ерекше тартымды көрінді. Бір жағынан сен әлемдік деңгейдегі, осындай ерте жаста биік шыңдарды бағындарған әншімен әңгімелесіп отырғаныңды түсінесің. Бірақ ол ашық, жайдары және "жұлдызды басқатырулары" жоқ қыз. Сөзсіз, ол өз құнын білетін жан, бірақ сөйлесіп отырғанда өзіңді мүлде ыңғайсыз сезінбейсің, тіпті оны бұрыннан білетін сияқтысың.
Оның жеткен жетістіктері туралы әңгімелесіп отырғанда, Мария анасына рахмет айтты. "Жетістіктерім - отбасымның арқасы, әсіресе анамның. Ол менің талантымды ерте жастан байқап, осы жерде болуым үшін бәрін жасады. Келісімшарт, келіссөздер жүргізіп, шабадан жинауға көмектесті. Ол әр сахнаға шығар алдында мені баптайтын адам. Мен вокалды оқығалы бері анам дауыс ерекшелігімді барлығынан жақсы түсінуге үйренді. Анам - менің басты сыншым. Ол баласы үшін үнемі уайымдап, оның қандай әдемі екенін ойлап жүретіндердің қатарынан емес. Ол мені бір бапта ұстап тұрады, босаңсытпайды. Шынымды айтсам, бұл мені алға жылжытады. Үнемі адамға керемет екенін айта берсе - қандай даму туралы әңгіме болмақ?", - дейді ол.
Опера әлемінде кәсіби вокалист карьерасын 28-30 жас аралығында бастайды, ал Мария 24 жасында тәжірибесі мол әнші саналады. Біз әңгіме-дүкен құрып отырғанда, ол Мәскеу, Сидней, Пекин операсымен, Карло Феличе театрымен және Маскат Корольдік операсымен келісімшарттар жасасып үлгерді. Олардың барлығында әнші италиялық композиторлар Верди мен Пуччинидің операларының басты партияларын және оның сүйікті "Травиатуын" орындайды. Дәл осы туындыны әнші отанында алаш рет "Астана Опера" театрында шырқаған.
Фото: Мария Мудряктың жеке мұрағатынан
Опера әншілерінің кәсіби деңгейі жөнінде сөз қозғағанда, Мария барлығы педагогқа байланысты екенін айтты. "Италияда да жақсы педагогтарды саусақпен саауға болады. Жас әншілер көптеген маэстро дауыстарын құртып жатқанын білмейді. Кейбіреулер: "Өз педагогыңды қалай тануға болады?" деп сұрайды. Ешқалай. Мұнда көру және қателесу әдісі ғана жұмыс істейді. Егер шын мәнінде неге қол жеткізгің келетінін білсең, солист болу немесе жәй ғана хорда ән салу, сен педагогтан қазіргі уақытта не қажет екенін таба аласың. Мен өз маэстроларымды таптым және олардың қолына түскеніме қуаныштымын. Менің педагогтарым басқа дауысқа сәйкес келмеуі де мүмкін емес пе? Барлығы адамға байланысты. Ең бастысы - не қалайтыныңды түсіну және іздеу. Іздеу, сынау, көру".
Қазіргі уақытта Мария Мудряк - италиялық операларды нақышына келтіріп орындай алатын ерекше вокалдық техникасы бар әлемдегі жалғыз опера әншісі. "Маэстром әрдайым: "Мария, сен жоғалған нағыз италиялық операны қайта жаңғыртасың" дейді және бұл мен үшін үлкен жауапкершілік пен берілген мүмкіндік", - дейді әнші. "Бірақ! Мен осылай бұрыннан айтады деген сөз емес. Оқу барысында қаншама техниканы ауыстырдым. Ал бұлшық еттерің мен миыңда сақталып қалған нәрсені түзеу қиын. Бір жолы маған жылдар бойы қалыптастырған дағдыларымды түбегейлі өзгертуге тура келген. Бұл өте қиын, себебі бұлшықеттер автомат түрде жұмыс істейді және өзіңді бақылау керексің. Ал ол үлкен еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан, мен әрдайым: "Талант- бұл әрине, жақсы. Бірақ кейде ми да қажет" деймін.
Көп ұзамай алынған ақпарат басымда бір үлкен және айқын көрініске жинақтала бастады. Мария жетістігінің рецепті: біріншіден, үнемі еңбек ету, жұмыс істеу және даму. Тізбектің келесі буыны - мақсатыңды орындауға зейін салу және нақты не керектігін түсіну. Дұрыс тұжырымдалған және қойылған мақсат - табыстың жартысына тең. Үшінші - дарынды екеніңе сену және оны құрметтеу. Оның келесі айтқан сөздері мені таңғалдырғаны соншалық, соңғы уақытта оны өз басыма жиі қайталайтын болдым: "Мен өз дарынымды білемін және құрметтеймін. Мен оны тағдырдың берген ең үлкен сыйы ретінде қабылдаймын. Менің негізгі жұмысым - оны тәрбиелеу ".
Фото: Мария Мудряктың жеке мұрағатынан
Автор: Лира Бекболатова
Аударған: Камила Долаева