Адам бір тәулік бойы тамақ ішпесе, ағзасында не өзгеруі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам бір тәулік бойы тамақ ішпесе, ағзасында не өзгеруі мүмкін? Фото: elements.envato.com

Кейбіреулер аз уақытқа ашығу ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады деп есептейді. Алайда дәрігерлер тамақтан толық бас тартудың нақты пайдасы бар деген пікірмен келіспейді, - деп хабарлайды "Доктор Питерге".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейбіреулер аз уақытқа ашығу ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады деп есептейді. Алайда дәрігерлер тамақтан толық бас тартудың нақты пайдасы бар деген пікірмен келіспейді, - деп хабарлайды "Доктор Питерге".

Адам денсаулығы мен көңіл күйіне тамақтың әсер ететіні даусыз. Қазір адамдар ағзаға қажет мөлшерден әлдеқайда артық жейді. Сондықтан көпшілігі "ағзаны тазартайық" деген оймен ашығуға талпынады.

Бір қарағанда, ашығу пайдалы сияқты. Бірақ дәрігерлер не дейді?

Мамандар мұндай тәжірибелерді қолдамайды. Ашыққаннан кейін жеңілдік сезінуіңіз мүмкін, тіпті уақытша арықтап та қаласыз. Бірақ "ем үшін ашығу" ас қорыту жүйесіне зиян тигізіп, жүрек ауруларына әкеп соғуы ықтимал.

12 сағаттан кейін ағза кетоз сатысына өтеді: бауыр майларды ыдыратып, кетондар түзеді.

Кетондардың шамадан тыс көбеюі кетоацидозға әкелуі мүмкін. Бұл кезде қан қышқылданып кетеді де, дер кезінде шара қолданбаса, өмірге қауіп төндіреді. Ғалымдар қан құрамында кетондардың көп болуы инфаркт пен инсульт қаупін арттыратынын айтады.

Сонымен бірге аутофагия тек зақымданған емес, сау жасушаларды да жойып, ағзаға зиян тигізуі ықтимал. Ал ұзақ ашыққан жағдайда ағза май емес, бұлшықет тінін ыдырата бастайды. Бұлшықет азайған сайын кейін қайта салмақ қосу жылдамырақ жүреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети