Адам, техника және ақша жетпейді: Қазақстанда аптап ыстық болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жазда аптап ыстық болады, ал орман шаруашылығында адамдар мен техника жетіспейді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жазда аптап ыстық болады, ал орман шаруашылығында адамдар мен техника жетіспейді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы жаз өте ыстық болады. Облыс әкімдіктері ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша барлық шараны қабылдауы қажет", - деді министр.

Жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 32 орман өрті тіркелген. Министрдің айтуынша, күштер мен құралдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру және мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерін болдырмау жұмыстары басталған. Министр бөлінген қаржы қажеттілікті толық жаппайтынын мәлімдеді және Үкімет басшысына көмек сұрап жүгінді.

"Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге көмек сұраймын (қосымша 11 миллиард теңге қажет - еск.)", - деді министр.

Нысанбаевтың сөзінше, өрт сөндіру техникасының 75-і жарамсыз, ал 314 көліктен 132-сі есептен шығарылуы керек, бұл - барлық автопарктің 42 пайызы.

Сонымен қатар, ол орман күзетінің жеке құрамы жетіспейтінін мәлімдеді.

"Былтырғыдай бұл - өзекті мәселе. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы орман күзетінің санын нормативке жеткізу мәселесі шешілген жоқ", - деді министр.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев та жаз құрғақ болатынын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro