Адамзат бір күні жер сілкінісін болжай ала ма? Ғалым пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамзат бір күні жер сілкінісін болжай ала ма? Ғалым пікірі Фото: © Tengrinews.kz

Кеше Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Қазақстандық ғалым осы саладағы ғылыми көзқарас туралы айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Қазақстандық ғалым осы саладағы ғылыми көзқарас туралы айтты.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында академик, ғылым докторы, оқулықтардың авторы, Cейсмология институтының бұрынғы директоры Таңатқан Абақанов "адамзат бір күні жер сілкінісін болжай ала ма?" деген сауалға жауап берді.

"Жер сілкінісін болжау - бүкіл адамзат үшін өзекті мәселе. Жер сілкінісіне төзімділік теориясы, яғни ғылыми көзқарас тек 1900 жылы жапон ғалымдарының арқасында пайда болған. Небәрі 125 жыл өтті. Медицинамен ұқсастығын келтіргім келеді. Кейптаунда (Оңтүстік Африка Республикасы) хирург алғаш рет 1967 жылы 25 жастағы әйелдің жүрегіне сәтті ота жасаған. Бұл сенсация болды, бәрі "бұл мүмкін емес, бұл кездейсоқтық" деген. Ал қазір біздің Астанада жылына жүздеген рет жүрекке ота жасалып жатыр. Сондықтан материалдарды, деректерді жинау, оларды талдау, түсіндіру және үкім шығару ғалымдардың ісі деп санаймын. Оған белгілі бір уақыт қажет. Өйткені жер  - тірі организм", - деді ғалым.

Алматыда алдағы 10 жыл ішінде 10 балдық шкала бойынша жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Ықтималдығы қандай? Бұл сауалға академик былай жауап берді.

"Бұл сұраққа сізге ешкім ешқашан нақты жауап бермейді. Тек психологиялық ауытқуы бар адам "Иә, болады" немесе "Жоқ, болмайды" деп айта алады".

Айта кетейік, ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілдеде Астана уақытымен 14.30-да Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеді.

ТЖМ мәліметінше:

  • Құлан а. 6 балл;
  • Мерке а. 5 балл;
  • Шу қ. 3 балл;
  • Сарыкемер а. 3 балл;
  • Төле би а. 3 балл;
  • Тараз қ. 3 балл;
  • Аса а. 2 балл;
  • Мойынқұм а. 2 балл;
  • Қордай а. 2 балл;
  • Бауыржан Момышұлы а. 2 балл;
  • Қаратау қ. 2 балл;
  • Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети