Айыппұлға келіспесеңіз не істеу керек? Нұсқаулық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұлға келіспесеңіз не істеу керек? Нұсқаулық Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы полициясы автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға қалай шағымдануға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл құқықбұзушылықпен келіспеген жағдайда немесе жолда даулы жағдайлар туындағанда жүзеге асырылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға қалай шағымдануға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл құқықбұзушылықпен келіспеген жағдайда немесе жолда даулы жағдайлар туындағанда жүзеге асырылады.

Жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұл туралы нұсқамаға қалай шағымдануға болады?

Алматы полициясының мәліметінше, даулы сұрақтар туындағанда, келіспеген немесе нұсқамада көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық анықталмаған жағдайда, сіз аталған нұсқамаға шағымдануға құқылысыз.

Шағымданудың қолжетімді тәсілдері:

  • eGov, eOtinish платформалары арқылы;
  • Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі платформасы арқылы;
  • Жеке түрде Алматы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөліміне жүгіну (мекенжайы: Алматы, Байтұрсынов көшесі, 185 б).

Альтернативті шағымдану нұсқалары:

  • Жоғары тұрған органға шағым беру;
  • Айыппұлды сот арқылы даулауға болады.

Айта кетейік, ұйғарымды алған күннен бастап 7 күн ішінде айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда автокөлік жүргізушілері "Сергек" камералары қазанда тіркеген жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша айыппұлдарды жаппай ала бастады. Полиция бұған жауап ретінде ӘҚБтК нормаларына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқықбұзушылық жасалған күннен бастап екі айды құрайтынын айтты.

2024 жылдың басынан бері Алматы көшелерінде автоматты тіркеу жүйелері арқылы 3,8 миллион жол ережесін бұзу анықталғаны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети