Қазақтың қоғамында салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы өмірдің өзі туындатқан әдемі әлеуметтік институттары болған. Болған деп, өткен шақпен айтуымыздың өзі - сол әлеуметтік мәні зор институттардың келмеске кеткенін мегзесе керек. Дүние есігін ашқан сәттен-ақ ұрпағын тәбиелеудегі маңызды институттардың ұстанымы, ұлт болып, жұрт болып қалудың қағидаттарының қазығы еді. Бесіктен бастап, ақсақаладар алқасына дейінгі аралықтағы әлеуметтік институттар келмеске кетіп барады. Қайсыбірі, тіпті, қазақтың салт-дәстүрлерінің «қызыл кітабына» кіріп кеткен. Соның ішінде – жеті атамыздан, түп тұқияннан бүгінге дейінгі тамырымызды түгендеп беретін – ата мен әже институты. Жойылып барады. Сырттан біреу келіп, ата мен әжелерді сыпырып, жиып әкетіп жатқан жоқ. Бар - ата мен әже. Бірақ институт - жоқ. Сол әдет-ғұрып институты бүгінде «шәкіртсіз» қалды. Ол шәкірттер – қазіргінің ата мен әжесі десек, олар бұл институттың «дарынсыз» оқушылары екені кейінде айқын байқала бастады. Осылайша, дарынсыз оқушы салдарынан қазақы білдей бір әлеуметтік институт - ата мен әже институты «тарап» кетудің аз-ақ алдында тұр. Ата мен әженің орнын «аташка», «ажешка» басты. Өнердің бір туындысы кино дейтін кереметтің өзінде қазақтың баласы әжесін «ажека», атасын «аташка» деп тілін шайнап отырған соң не сор? Біздің қайда бара жатқанымызды «Алаш айнасы» зерттеу жүргізген еді.

Жеті атасын білмеген – жетесіз
Шыны керек, біздің ұрпақтың көбі атасын көрмей өсті. Өйткені, көпшілігіміздің атамыз Ұлы Отан соғысына кетіп, сол жақтан қайтпай қалған-ды. Содан шығар, соғыстан аман оралған елдің атасына атасы жоқ біздер қызыға қарап өстік. Олардың өңіріне таққан медальдарын бір ұстап көру басқаны қайдам, өзім үшін үлкен бір арман-тын. «Атасы келе жатыр» деген сөздің өзі шынашақтай балаға сес-тін кәдімгідей. «Ата» деген сөздің өзі бала жүректі сескендіретін. Қорқытып емес әрине. Тағылымдық, тәрбиелік тұрғыда. Содан болар, атамыз туралы әжемізден үнемі сұрап, мазасын жиі алатынбыз. Өз атамнан гөрі әжем марқұм үлкен атамыз туралы айтқанды жақсы көретін. Өйткені, атамыздың атасы елге сыйлы, құрметті, жоқ-жітікке көмегін аямаған қажы кісі болыпты. Отызыншы жылдың ойранында, бай-кулак деп елде есі түзу, мал-жаны бар мырзаларды қудалаудың салқыны сол атамызды да шарпып, ақыры туған топырақтан тыс жерде көз жұмыпты. Соны естіп өскен біз көрмеген атамызды бертін келе көкрегімізде іштей мақтан тұттық.
Ал бүгінгінің атасы кім? Сол ежелгі ата институтының шаңырағын шайқалтпай, ұстап қалды ма? Бұл мәселеге мардымды жауап бере алмайды екенбіз. Өйткені, ата мен әже институты қазіргі таңда бұрынғы құзыреттілігінен айырылған. Аталарымыз немересіне ең құрығанда, тегін түгендеп бере ала ма? Кешегі батыр-бағландар туралы жарытымды дүние айта ала ма? Қазақтың қайдан шығып, қайда бет алғанын дәріптейтін ата аз. Олардың орнында не қария, не жігіт екені беймәлім «дүбәра-аталар» басқан. Ата-әже институты «тарағалы» тұр демегенде, не дейміз осыдан соң?
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз