Біраздан бері біздегі нарықтың болмысы, қалыптасқан ауаны, экономикалық ахуал мен осыдан туындайтын әлеуметтік мәселелер қоғамда түрлі пікірлер тудыруда. Базбіреулер «ақпандағы девалвация соған байланысты орын алған қымбатшылық атаулы жеке басыма анағұрлым ауыр тиіп жатқан жоқ» десе, енді бір қауымның айлығы шай пұлына жетпей «шақшадай басы шарадай» болуда. Біреулер кедейленіп жатса, ені біреулерге дағдарыс майдай жағып, еселеніп байып жатыр. Жаңағы айлығын шай пұлына жеткізе алмай жүрген ағайын «тағы да доллар қымбаттап, теңге арзандап, қымбатшылық қос өкпеден қыспас па екен» деген үреймен валюта бағамын бағамдап құлағы түрік жүр. Бүгін осы жайттарды пайымдаған «Алаш айнасы» девалвацияның әлеуметтік теңдікке қалай әсер етіп жатқанын сараптап көрмек...

Әртүрлілік: әр қилы тірлік...
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінде біздің елімізде бай-манаптардың көрсеткіші шамамен 15 пайызды мөлшерлейді. Ал елдегі әлеуметтік жағдайы өте төмен таптың көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Республика халқының қалған 45 пайыздайы айлығын шай-пұлына ғана жеткізе алатын орта шаруалар көрінеді. Егер сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, «бұл көрсеткіштердің өзі елде әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығын айқындайды».
Рас, біраз елдермен салыстыра қарасақ, Қазақстандағы жағдайдың өзгешелігін байқау қиын емес. Мысалға бұл ретте біз Швецияның әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын сөз етсек болады. Мәселен, шведтердің әлеуметтік бағдарламасының есебі бойынша, Швеция халқының 5 пайызы байлар болса, 10 пайыздайы кедейлер, қалғаны орта таптағы адамдар. Дерек көздері Швецияда орташа өмір сүретін адамдар саны көп те, жарлылар мен байлар саны аз екенін көрсетеді. «Осыдан болар, олардың экономикасы тұрақты, халқының жағдайы жақсы. Тірліктері мамыражай» дейді мамандар. Бір сөзбен айтқанда Швеция – халқының тұрмыс-тіршілігін теңестіре білген ел. Ал бұл үрдіске біздің Қазақ елі қалай қарайды?
Қазақы нарық: бітім мен болмыс
Негізінде, бізде біраздан бері Табыс декларациясын жария ету; Орташа жалақы деңгейін көтеру; Жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік көмекті ұлғайту жайы қозғалып-ақ келеді. Былайша алғанда біздің атқарушы билік кедей-кепшіктің жағдайын жасау жолында біршама реформаларға реңк берді. Бірақ кез-келген қоғамдағы «кедейдің байысам» деген арманы, байдың «одан әрі байысам» деген ниеті бір пәске бәсеңсіген емес. Осы орайда қоғамдағы әлеуметтік теңдікке нарықтық экономикада қалай қол жеткізуге болады деген сауал туындайтыны рас.
Бұл ретте экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлы:
– Кезінде Кеңес өкіметі облыстық басылымдарда бір ауданның басшысы жайлы, оның шалқыған әл-ауқаты жайлы жазылатын болса, оны дереу тексерудің астына алатын. Егер жазылған жай шындыққа саятын болса, әлгі басшы дереу орнынан алынып, партиядан қуылатын. Кеңес өкіметінің бір жақсы жері олар бай-манаптарға бақылау қоя білді. Ал Қазақстанда қазір мұндай жүйе жоқ. Бізге нақ қазір қарапайым тойымды көзқараспен баюды үйрену керек, -деп пікір білдірді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.