АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай алады. Бұл туралы осы аптада АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк мәлімдеді. Негізінен, бұған дейін де осындай қатты мәлімдемелер жасалған, алайда бұл жолғысы халықаралық құжаттармен бекітіліп, әлемнің үрейін алып отыр.
АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай алады. Бұл туралы осы аптада АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк мәлімдеді. Негізінен, бұған дейін де осындай қатты мәлімдемелер жасалған, алайда бұл жолғысы халықаралық құжаттармен бекітіліп, әлемнің үрейін алып отыр.
Өткен аптада ғана АҚШ президенті Барак Обама НАТО-ға мүше мемлекеттер мен Ресей арасында әскери қақтығыстың орын алу мүмкіндігін жоққа шығарып, мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ бұл бағыттағы Американың мәлімдемесі істегісіне мүлде сай болмай шығып жатыр. Сондықтан соңғы кездері ғаламторда "АҚШ пен Ресей ашық кетіседі" деген үрей туғызар дабыра әңгімеге негіз жоқ деп айтуға келмес" деп жазады Дни. ру порталы. Мәселен, Балтық жағалауына АҚШ әскерінің келіп, қоныстанғанына үш айдың жүзі болған. Олардың бір Румынияда 22 зымыран атқылағыш ұшағы тұр. Сол секілді жуырда АҚШ Сенаты бірінші оқылымда-ақ Украинаны НАТО-сыз ақ өзінің одақтасы етіп жариялайтын заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес, Ресей Украинаға ашық әскери шабуыл жасайтын болса, онда АҚШ өзінің одақтасының территориясына жауынан бірлесе қорғану үшін әскер кіргізетін болады. Сондай-ақ АҚШ-тың одақтасы мәртебесіне Грузия және Молдова да ие болған. Осы құжат барлық елдің мекемесі мен құрылымдарына Ресей аннексиялаған Қырым тәуелсіздігін мойындау мақсатында іс-қимыл жасауына тыйым салады. Малайзия ұшағы апатын зерттеу мақсатында деген желеумен бүгіндері Украинаға Пентагонның ең білікті бірқатар маманы жіберілген. Ал шынтуайтында, олар жаудың көзін жою үшін жылдам қимылдаудың ең озық технологияларын жергілікті әскерилерге үйрету үшін келген деседі. Қалай дегенмен де әлгі құжатқа сүйеніп, Обама Украинаның әскери саласына көмектесу үшін бұйрық та беріп қойыпты. Алайда онда бұл көмек ішінде техникалық жағы қарастырылмайды деу ұмытылмай жазылыпты. Әрине, мұны өзіне төнген тікелей қауіп деп санаған Ресей бүгіндері стратегиялық әріптесі Қытаймен бірлесіп нақты іс-қимылға көшкен. Бірақ оның қандай іс-қимыл екендігі ешқай жерде нақты айтылмайды. Бірақ кеше Пентагонның ресми өкілдері "Обаманың Ресейге қарсы әскери күш қолданбаймыз дегеніне қарамастан біз қоқан-лоқы көрсетіп отырған Ресей мен Қытайға қарсы жауап қатуға дайын болуымыз керек" деп мәлімдеген. Сөзбе-сөз келтіре кетелік: "Қытай мен Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белгіленген халықаралық тәртіпті қайтадан қарастырғысы келіп, шекарасы маңындағы әскери құрылымындарын күшейтіп, өзгелерге доқ көрсетіп жатыр. Мәскеу мен Пенкин көрсетіп отырған доғына АҚШ-тың әскери тәсілмен жауап қата алатынын білуі тиіс". Осылайша кеше ресми болмаса да АҚШ өзінің әскери дайындығын, қажет кезде Ресейге де, Қытайға да әскери шабуыл жасай алатынын жеткізді.
Ал Ресейге қарсы жуан жұдырықтар түйілген сайын мұндағы әскерилерден де...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...