Ақтөбелік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері облыс орталығындағы Левон Мирзоян атындағы көше мен оған қойылған ескерткіштің көзін жою қажет дейді.
Ақтөбелік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері облыс орталығындағы Левон Мирзоян атындағы көше мен оған қойылған ескерткіштің көзін жою қажет дейді.
«Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері ғалымдарды, профессорларды, еңбек ардагерлері мен қоғамдық бірлестіктер мүшелерін үстел басына жинап, «Мырзажан ба, әлде халық жауы ма?» деген сұрақты төтесінен қойды.
Ғалымдардың айтуынша, алаштың ардақты азаматтарын аттырған адамға көше атын беру, тіпті оның атын құрметтеп ескерткіш қою тарихи әділетсіздік, тіпті ұрпақты адастыратын өрескел қателік. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен шаш ал десе, бас алған Голощекиннен кейін Қазақстандағы билік тізгінін қолына алған Мирзоянды осы уақытқа дейін «қазақшылдығы» үшін дәріптеп келдік. Тіпті қалың қазақ өз ортасында «оны Мырзажан деп атаған» сынды әңгімелер де айтылды. Есімін асқақтатып, қазақтың аяулы қалаларының төрінен көше бердік, ескерткіштерін салдық.
Ал ол кезінде төрімізде отырып алып, Голощекинге қарағанда «жұмсақтау» саясат жүргізген болып, алаштың талай ардақты азаматтарын өз қолымен аттырған.
1933-1938 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы болған Левон Мирзоянның «Советтік саясатқа қарсы жасалған әрекеттері» үшін Қазақстанда бірінші санат бойынша 8 мың адам, екінші санат бойынша 8 мың адамның атылғанын баяндап, Сталиннен бұған қоса «белсенді антисоветтік элементтерден тұтастай тазарту үшін» тағы да 1600 адамды атуға лимит сұрауы нағыз қанішер жасайтын іс емей немене?
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.