Гуантанамо – АҚШ үкіметінің сотымен айыпталған қылмыскерлерлер оқшауланған түрме. Мұнда жазасын өтеп жатқандар негізінен террористер. Іргетасы 2002 жылы қаланған АҚШ-тың бұл түзеу мекемесінің өзгелерден ерекшелігі – мұнда сотталғандарды азаптауға тыйым салынбайды. Атап айтсақ, сумен тұншықтыру, ұрып-соғу, ұйықтатпау, қатты дауыстармен есеңгірету жиі қолданылатын азаптау түрлері. Десек те, бостандыққа шыққандар бұлардан да сорақысын айтады. Мәселен, итке талататын көрінеді. АҚШ билігі «бұл түрмеден тірі шыққандар қайтып террористерге қосылмайды» деп санайды. Иә, адам төзгісіз азаптаулардан кейін, әрине, кім болса да тізгін тартатын шығар?.. Алайда кектеніп алатындар да болса керек.

Неге екені белгісіз, АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылы Гуантанамоны жабуға дайындалған бірқатар қаулыларға қол қойған еді, бірақ түрме әлі жұмыс істеуде. Тағы бір айта кетерлігі, Гуантанамо түрмесіндегі тұтқындарды АҚШ аумағындағы ҚАЖК мекемелеріне ауыстыруға және жазасын өтеп жатқандарды өзге елге беруге тыйым салынған. Десек те, жекелеген жағдайларда, оның өзінде аса маңызды бірнеше себеп бойынша қамаудағыларды басқа мемлекеттің түрмесіне ауыстыруға рұқсат беретін заң бар.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.