Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, қазір Күнде ірі корональды құрдым пайда болған, содан Жерге қарай күн желінің ағыны қозғалып келеді.

Есеп бойынша, біздің планета оның ықпал ету аймағына сенбі-жексенбі түні (13-тен 14 қыркүйекке қараған түнде) түседі. Осы сәттен бастап күн желінің жылдамдығы арта бастайды: қазіргі 400 шақырымнан 14–15 қыркүйекте секундына 500–600 шақырымға дейін жетіп, ал сейсенбі, 16 қыркүйекте секундына шамамен 700 шақырым шыңына жетуі мүмкін.

"Жаңа корональды құрдым әсерінен геомагниттік ауытқулар 6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Шыңы 14-16 қыркүйекте күтіледі", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ғалымдар қыркүйекте геомагниттік белсенділіктің әдеттегіден жоғары екенін атап өтті.

"Айдың алғашқы 10 күнінде 3 магниттік дауыл болды, яғни әрбір 3 күнде бір оқиға. Бұл тамыздағы қарқыннан 10 есе жиі, өйткені ол кезде 31 күн ішінде тек 1 жағдай тіркелген", – делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети