05 қыркүйек 2024 | 16:54

Әлеуметтік желіде баланы қорқытқан адам қалай жазаланады? Заңгер жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: bullying.shkolamoskva.ru Фото: bullying.shkolamoskva.ru

Қазіргі таңда балалар арасында кибербуллинг, соның ішінде ғаламтордағы қауіпсіздік жиі белең алып келеді. Осыған байланысты заңгер Альбина Бахтиярқызы кінәлі тұлғаны қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын және қандай жағдайда жазаға тартылатыны туралы Massaget.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі таңда балалар арасында кибербуллинг, соның ішінде ғаламтордағы қауіпсіздік жиі белең алып келеді. Осыған байланысты заңгер Альбина Бахтиярқызы кінәлі тұлғаны қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын және қандай жағдайда жазаға тартылатыны туралы Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

Кибербуллингке қарсы заң бар ма?

Заңгердің айтуынша, кибербуллинг, киберсталкинг ұғымдары бұрыннан қалыптасқан, қолданыстағы ұғымдар болмағанымен заңда жаңа ұғымдар болып есептеледі.

 "Себебі елімізде балаларға қатысты кибербуллингке қарсы заң 2022 жылы қабылданды. Сол уақыттан бері заңда кибербуллинг деген ұғым бар. Яғни осыдан кейін қоқан-лоқы көрсету, қорқыту ұғымдарымен қатар сол әрекетке қатысты жауапкершілік те пайда болды. Жаңа қабылдаған заңнамаға сәйкес егер мектепте немесе мектепке дейінгі оқу ұйымдарында балаға қатысты буллинг жасалса, жергілікті атқарушы әкімшілік оған қатысты әрекет ету керек. Осы заңға сәйкес олар буллингті байқаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей баламен профилактикалық жұмыс жүргізу керек. Ата-анасына хабарлап,  әкімшілік-құқықтық заңға сәйкес жауапқа тарту керек. Бұл әкімшілік жауаптылыққа тартудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Қазіргі кезде бізде буллингке қатысты осындай заңды шаралар бар", - деді заңгер. 

Баланы қорқыту кезінде ақша сұрап немесе жақын туыстарымен бопсаласа, заңда мектеп әкімшілігі, ата-ана әрекет ету керектігі жазылған.

"Егер қорқытудан бөлек, бопсалау немесе қандай да бір жала жабу сөздері айтылса, ақша талап етсе, онда бұл жерде қылмыстық әрекеттердің де құрамы бар болып саналады. Қылмыстың құрамына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартудың жасы туындайды. Мәселен, 14 жас, 16 жас, 18 жас деп кете береді. Бұл әр жағдайда жеке-жеке тоқталатын нәрсе", - деді заңгер.

Әлеуметтік желіде қорқытқан тұлға қалай жазаланады?

Ал балаларға әлеуметтік желі арқылы қоқан-лоқы жасалса, қылмыстық құқықбұзушылыққа әкеледі.

"Балалардың әлеуметтік желідегі суретін алып, сол арқылы қорқытып бопсаласа, бұл қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады. Бұл жерде заң бойынша тиісті тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделген. Бірақ қазіргі кезде интернет желісінде жасалатын қылмыстарды ашу, оларды кім жасағанын білу өте қиын. Біріншіден, интернет - бүкіләлемдік желі. Екіншіден, жасаған адам басқа да ғаламтор басқа мекенжай қолдануы мүмкін. Жалған аккаунттарды анықтау тіптен қиын. Мұны біз тәжірибемізде де жиі кездестіреміз", - деді ол.

Сондай-ақ заңгер әлеуметтік желіде посттардың астына жазылатын пікірлер туралы да атап өтті.

"Постқа жазылған пікірлердің арасында кәмелетке толмаған балалар бір-бірін қорқытып, неше түрлі балағат сөздер жазып жатады. Бұл жерде алдымен ата-ана немесе өзіне қатысты сөздер айтылған ересек адам интернет желісіндегі постты немесе комментарийді міндетті түрде дәлел ретінде сақтап, суретке түсіріп алу керек. Ол үшін нотариусқа жүгінсе болады. Нотариустар дәлелдемелерді қарау хаттамасын жасайды. Сотқа дейінгі тергеуде бұл құжат есебінде көрсетіледі. Егер де сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, жазылған пікір өшіп қалса, сізде жазылған құжат дәлелдеме бола алады. Соттар мұндай құжаттарды дәлелдеме ретінде қабылдайды. Сосын сотқа жүгіне аласыз.

Енді пікірдің мазмұнына қарай не қорлау не жала жабу екенін анықтау керек. Егер қорлау болса, құқық қорғау органы полицияға жүгіну арқылы арызбен бірге тиісті материалдарды жинап, әкімшілік-құқықбұзушылық сотта қарайды. Ал жала жабу бағытында болса, сол пікірді жазған адамды анықтап, жергілікті жердің аудандық сотына жазу арқылы 131-бап бойынша жауапқа тартуға болады", - деді ол.

Заңгердің айтуынша, ғаламтор желісі арқылы аңду, шабуылдау көп кездеседі.

"Әсіресе кәмелетке толмағандардың арасында ғаламтор арқылы бір-бірін кемсіту, келеке ету жиі болады. Нормативтік-құқықтық актілерде дәл бір қандай әрекеттер жасалатыны жазылмаған. Заң бір болғанмен түрлері көп. Нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясына қарай заңның жоғарылығына қарай, іс-әрекеттердің мазмұнына қарай әртүрлі заңмен жауапқа тартылуы мүмкін. Жалпы кибербуллинг ұғымы заң жүзінде бекітілді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети