Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді Фото:depositphotos.com

Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер жүктіліктің 27-аптасында дүниеге келген шала туған қыз баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер жүктіліктің 27-аптасында дүниеге келген шала туған қыз баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қаладағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Болашақ ана орталыққа шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде мамандар іштегі нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде салмағы небәрі 730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.

Нәресте өмірінің алғашқы сәтінен бастап жаңа туған балалардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде болды. 28 күн бойы дәрігерлер мен медбикелер оның жағдайы үшін тәулік бойы күресті.

gov.kz

Жағдайы тұрақтанған соң сәби күтімнің екінші кезеңіне жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Отбасы орталықта 56 күн болды. Осы уақыт ішінде баланың салмағы екі еседен астам артып, 1 800 граммға жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети