Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту: құрылыс қашан басталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту: құрылыс қашан басталады? Фото:depositphotos.com

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Тілендиев көшесін ұзарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Тілендиев көшесін ұзарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматыдағы Тілендиев көшесін халық тығыз орналасқан Өжет шағынауданы арқылы ұзарту жобасы бекітіліп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Өжет шағынауданының тұрғындары Тілендиев көшесі өтуі тиіс орыннан үйлерін бұзуға қарсы болған.

"Жұмыс жобасы Алматы қаласын дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында көзделген қала құрылысы және урбанистика басқармасы берген қызыл сызықтарға сәйкес әзірленді. Осыған байланысты жұмыс жобасы өзгерген жоқ", - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

Бұған дейін Өжет тұрғындары Тілендиевті Мұғалжар көшесі арқылы салуды ұсынған болатын. Олардың айтуынша, бұл мемлекет бюджетіне арзанға түседі және сүрілетін үйлер аз болады.

"Мұғалжар көшесі арқылы тұрғындар ұсынған нұсқа ұтымды емес, өйткені Тілендиев көшесінің бойында Ащыбұлақ және Тереңқара өзендерінің арналары орналасқан, осыған байланысты су қорғау аймақтарын қарастыру қажет. Бұдан басқа, аталған жер телімі Алматы облысының аумағында орналасқан", - деп толықтырды мемлекеттік орган.

Құрылыстың басталуы бюджет қаражаты бөлінген жағдайда 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлады Алматы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети