Алматыдағы 6 магистральді ұзарту жұмыстары: жобалар қай кезеңде?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда алты магистраль ұзартылады. Қалалық мобилділік басқармасы жобалардың қай кезеңде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда алты магистраль ұзартылады. Қалалық мобилділік басқармасы жобалардың қай кезеңде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Төле би көшесін Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту үшін жер телімдері сатып алынып, жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 4,5 шақырым болатын жоба екі бөлікке бөлінген. Аяқтау мерзімі - 2025 жылдың аяғына дейін.

Сондай-ақ, биыл "Қайрат" шағынауданынан Талғар трактіне дейінгі ұзындығы 4,3 шақырым болатын Хмельницкий көшесін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланған. Тағы бір жоба – Жетісу көшесінен Талғар трактіне дейінгі ұзындығы 2,6 шақырым болатын Райымбек даңғылының құрылысы.

"Сонымен қатар, биыл Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін ұзындығы 0,6 шақырым болатын Мұқанов көшесін салу жұмыстары басталады. Бұл аумақтардың жобалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтіп жатыр. Жер телімдері алынуына қарай, Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін Жұбанов көшесін ұзарту бойынша жол төсеу жұмыстары жүргізілмек. Жобада жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын екі кезең қарастырылған. Аяқтау мерзімі - 2026 жылдың аяғына дейін", - деді ҚМБ өкілдері.

Сонымен қатар, биыл Оңғарсынова көшесін Райымбек даңғылына дейін, ұзындығы 0,3 шақырымға дейін ұзарту жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін басқарма жыл аяғына дейін Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықты ашу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Биылғы 3-тоқсанда Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында жолайырықты пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer