Алматыдағы балалар үйіне қатысты дау: Бағанашылдағы жер кімге тиесілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бағанашылдағы облыстық №1 балалар үйі орналасқан жер учаскесі кімге тиесілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. Редакцияның ресми сұрауына Алматы облысының Білім басқармасы жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бағанашылдағы облыстық №1 балалар үйі орналасқан жер учаскесі кімге тиесілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. Редакцияның ресми сұрауына Алматы облысының Білім басқармасы жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мекемені Алматыдан Қонаевқа көшіруге шағымданған болатын. 

Кейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан қала сыртындағы жаңа ғимаратқа көшірілмейтінін мәлімдеді. Әкімдік "қазіргі уақытта қалада оқып жатқан тәрбиеленушілер оқуын қалыпты ортада жалғастырады, ал жаңадан қабылданған балалар Қонаевқа орналастырылады" деп түсіндірді. Өңір басшысы сол кезде "балалардың Алматыда қалғысы келетінін, өйткені орта ауыстыру олардың бейімделуі мен әлеуметтенуіне кері әсер етуі мүмкін екенін" атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор шешім қабылдауда негізгі себептердің бірі болған.

Сонымен қатар, өңірдің Білім басқармасы редакцияның сұрауына жауап бере отырып, 2006 жылдың 28 ақпанындағы мемлекеттік актіге сәйкес, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бағанашыл шағынауданы, Сырғабеков көшесі, 22-үй мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-313-042-109 жер учаскесі "Алматы облыстық №1 балалар үйі" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығы негізінде берілгенін хабарлады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Аталған жер учаскесінің мақсаты: нысанды күтіп ұстау – балалар үйін орналастыру. Акт берудің негізі: Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі №4-190 шешімі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 34-бабы 1-тармағына сәйкес, тұрақты жер пайдалану құқығы мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі", – деп түсіндірді білім басқармасы.

Облыстық №1 балалар үйінің барлық тәрбиеленушісі оқуын аяқтағаннан кейін ғимараттың тағдыры не болатыны туралы сұраққа жауап бере отырып, ведомство көшіру "жоспарланбағанын" мәлімдеді.

"Мекеме өз орнында қалады, ал Қонаев қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (КТБО), яғни уақытша балаларға арналған мекеме жұмыс істейтін болады", – деп түсіндірді Алматы облысының білім басқармасы.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Білім басқармасының мәліметінше, жалпы аумақтың көлемі 2,5 гектар болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.53  course up  542.91  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro