Алматының жаңа әкімі қандай көлікпен жүреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа әкімі қандай көлікпен жүреді? Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қандай қызметтік көлікпен жүреді? Ол да алматылықтар сияқты кептелісте тұра ма? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне ресми сауал арқылы жолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қандай қызметтік көлікпен жүреді? Ол да алматылықтар сияқты кептелісте тұра ма? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне ресми сауал арқылы жолдады.

Әкімдік былай деп жауап берді.

Алматы әкімдігі жаңа басшының қандай маркадағы көлікпен жүретінін жария етпеді.

"Алматы әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік органдарды қызметтік автокөліктермен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына сәйкес қызметтік автокөлікті пайдаланады", - делінген Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары Құрасбек Сәдібековтің қолы қойылған ресми жауапта.

Айта кетейік, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында бұл бұйрық күшін жойғаны көрсетілген.

Кортеж жоқ па?

Сондай-ақ, Алматы әкімін қанша көлік алып жүретінін сұрадық.

"Алматы әкімін қосымша көліктермен алып жүру қарастырылмаған", – делінген Сәдібековтің жауабында.

Кептеліс, жолдың жабылуы және… тікұшақ?

Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары жаңа әкім қала ішінде жүргенде жолдар жабылмайтынын айтты.

Сонымен қатар, Сатыбалдының жұмысқа жетуге қанша уақыты кететінін және ол кептелісте тұра ма деген сұрақ қойдық.

"Алматы әкімі қалада арнайы артықшылықтарсыз, жалпы көлік ағынында қозғалады, жолға кететін уақыт жол қозғалысының нақты жағдайына байланысты", – деп қосты әкімдік.

Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан мегаполистердегі тәжірибе сияқты, әкімнің қызметтік сапарлары үшін тікұшақты пайдалану мүмкіндігі қарастырыла ма деп сұрадық.

"Алматы әкімінің қызметтік сапарлары үшін тікұшақ сатып алу немесе жалға алу мәселесі қарастырылмайды", – деп жауап берді әкімдік.

Еске салайық, Дархан Сатыбалды Алматы әкімі болып 24 мамырда тағайындалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети