18 тамыз 2014 | 16:58

Алтын өндірісіндегі алпауыттарға бақылау қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алаш айнасының иллюстрациясы © Алаш айнасының иллюстрациясы

Кешелі бері АҚШ-тың «Spectral Capital Corp» компаниясы Қазақстан территориясындағы ірі алтын-мыс кен орнын игеру жобасының пайыздық үлесін арттырғаны бізге белгілі болды. Аталмыш компания бұдан былай алтын өндіру үшін елдегі ірі компаниялардың бірінің 65 пайыздық акция құрамына иелік етпек. Spectral-дың бас директоры Дженифер Остервалдердің сөзіне қарағанда, «компания Қазақстан билігі тарапынан барлық қажетті шешімдерге ие». Кен орны алтын өндіруге дайын болғандықтан америкалықтар биылғы жылдан бастап іске кіріспек. Мақсаттары - қазақ алтының көсегесін көгертіп өздері де пайда таппақ, бізді де жарылқамақ. Былай қарағанда америкалық алпауыттардың қазақ алтын өндірісіне араласуынан мәселе іздеуге де болмас. Дегенмен осы уақытқа дейін де еліміздегі алтын өндірісіне араласушы сырт көздің анағұрлым көп болғаны жасырын емес. Әйтсе де бұдан отандық алтын өндірісі тұсауын үзе алды ма? "Алаш айнасы" осыған қатысты ой таразылап көруді жөн көрді.

Иконка комментария блок соц сети

Деректерге жүгінсек, Қазақ елінде алтын өндіруші отандық және шетелдік компаниялар жеткілікті болғанмен, 2010 жылы елдегі өндірілетін алтынның парқы бар-жоғы 10,336 тонна болса, 2013 жылы бұл көрсеткіштен 26 пайызға артығырақ алтын өндіріппіз. Жартылай өңделген, қоспа түрінде өндірілген алтын көлемі 22,525 келіні құрапты. Өкініштісі, біз өндірілген сол 10 тонна алтынды да «ұқсатып» отырғанымыз шамалы. Бүгінде елде өндірілген таза саф алтынның біраз бөлігін Ұлттық банк сатып алса, басым бөлігі Лондон биржасына пұлдап сатуға жіберіледі. Ал жартылай шикізат күйінде өндірілген өнімдер Германия мен Қытай асып кетеді. Міне, әзірге қазақ алтын өндірісінің кешкен күйі осы...

Бір қызығы, біз осылай алтынның парқын ұғынуда марғаулық танытып отырған тұста өзге елдер алтынға мемлекетінің ішкі байлығы деп қана емес, елдің қауіпсіздігін сақтайтын құндылық ретінде қарайды. Жаһандық экономикадағы алтын бағасының жылдан-жылға қымбаттауы небір дамыған және дамушы елдерге осыбір бағалы металдың қадір-қасиетін ұғындырды. Алтынның басты қасиеті ол тауар ретінде ешқашан айналыстан шықпайды. Мұнай-газ тәрізді жағылып кетпейді. Алтын қай кезде де өзінің құндылығын сақтап қалатындығымен бағалы. Осыны ескерген біршама елдер алтын өндірісінде дайын өнімге дейін жұмыс істеп сыртқа емес, ішкі нарығында алтынның таралуына жол ашуда.

Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, экономист-сарапшы:

- Қазақстанның ішкі нарығында алтын тым азайып кетті. Алтынды ішкі нарықта сату көрсеткіші өте төмен. Біздегі алтын өндірушілер алтынды сыртқа шығару арқылы ғана пайда тапқысы келеді. Себебі, ішкі нарықта сатылған алтын үшін салық төленеді. Ал сыртқа сатылатын алтын салықтық алымнан босатылған. Елімізде өндірілген ең жоғары сапалы (999, 9999 пробалы) алтын Швейцарияда біздегіден 2,5 есеге дейін арзан. Сондықтан да жергілікті өнім өндірушілер жоғары сапалы саф алтын өндіруге құлшына қоймайды. Қазіргі таңда әлемдік нарықта инвестиция үшін алтын ең белсенді актив болып тұрғанын ескерсек, оған тек құнды металл ретінде қарау қателік болады. Ішкі нарықта алтын саудасын жүргізу жүйесі құрылуы керек. Оның қандай өнім түрінде өндірілгеніне қарамастан нарықтық айналысқа түсуі еліміздің жаһандық алтын нарығынан тыс қалмауына жағдай жасап, халықаралық деңгейде өзге елдерді бізбен есептесуге мәжбүр етер еді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети