ӘМСҚ төңірегіндегі дау: министр Әлназаровамен сұхбат

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘМСҚ төңірегіндегі дау: министр Әлназаровамен сұхбат Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Фото: ©️ Tengrinews.kz

Бүгінде денсаулық сақтау саласында қандай өзгеріс, қандай шешімдер дайындалып жатыр, пациенттер реформалардың нақты нәтижесін қашан көреді? Tengrinews.kz редакциясы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасты.


Бүгінде денсаулық сақтау саласында қандай өзгеріс, қандай шешімдер дайындалып жатыр, пациенттер реформалардың нақты нәтижесін қашан көреді? Tengrinews.kz редакциясы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасты.

- ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігі құзыретіне беру соңғы айларда ең көп талқыланған тақырыптардың бірі болды. Сіздің ойыңызша, жаңа басқару үлгісі қандай міндеттерді шешуі тиіс?

- Қорды беру ең алдымен қаржылық тәртіпті күшейтіп, шығыстың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Бүгінде Қаржы министрлігі қордың жалғыз акционері болып отыр. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі заңнама шеңберінде уәкілетті орган функцияларын орындауды жалғастырып, МӘМС жүйесін дамытуға жауап береді.

Мдициналық және пациенттердің мүддесімен байланысты барлық мәселелер Денсаулық сақтау министрлігінің жауапкершілігінде қала береді.   

Ал Қаржы министрлігінің рөлін күшейту қаржылық бақылаудың тиімділігін қосымша арттыруға мүмкіндік береді.

- Сақтандыру жүйесін талқылау кезінде айтылған кейбір деректер қоғамда үлкен резонанс тудырды, мысалы, скринингтер және кейбір медициналық қызметтерді төлеу статистикасы. Сіз кейбір жағдайда техникалық қателік болуы мүмкін деп түсіндірдіңіз. Қоғамдағы сұрақтарды жою үшін: осы жағдайларды қосымша талдау жүргізілді ме және нәтижесі Қаржы министрлігімен бірге талқыланды ма?

- Қосымша талдау нәтижесінде кейбір жағдайда нақты қызмет көрсетілгені туралы емес, есепке алу бойынша техникалық және статистикалық ерекшеліктер жайлы айтылып отырғаны анықталды.

Ерлер скринингіне қатысты шын мәнінде басқа скрининг түрлері бойынша қызмет көрсетілгені анықталды (мысалы, тоқ ішек обырына скрининг), алайда тіркеу кезінде дәрігерлер статистика үшін қолданылатын қорытынды диагнозды қате көрсеткен, бұл медициналық қызметтер төлеміне әсер етпейді.

2024–2025 жылдар аралығында қорытынды диагноздарды дұрыс көрсетпеудің 366 мың жағдайы анықталды.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі талдау кезінде ЖСН-нің жетінші символын жыныс белгісі ретінде қолданған, алайда бұл әдіс дұрыс емес. "Жеке тұлғалар" базасында шамамен миллион азаматта бұл символ нақты жынысқа сәйкес келмейді.

Қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетілген жағдайлар да талданды. Көбінесе бұл өлім туралы деректердің кешіктірілуі, зертханалық зерттеулер немесе аутопсия (мәйітті ашу - ред. еск.) сияқты ерекшеліктерге байланысты, олар пациент қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі және заңбұзушылық болып саналмайды.

Талдау нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды. Ақпараттық жүйелерге қосымша бақылау формалары енгізілді, бұл болашақта осындай техникалық қателіктерді болдырмайды. 

Толық сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети