22 қазан 2022 09:52

Ән әлемінің патшасы - Димаш Құдайберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мынау, ұлы дала бес мың ғасыр ән өнерін бойына жиып, ұзақ қысырап тұсап жатты. Бес мың жыл ширата толғатып, қазақтың қасиетті даласына қайталанбас ғажайып ән әлемінің патшасы - Димаш Құдайбергенді сыйлады.


Мынау, ұлы дала бес мың ғасыр ән өнерін бойына жиып, ұзақ қысырап тұсап жатты. Бес мың жыл ширата толғатып, қазақтың қасиетті даласына қайталанбас ғажайып ән әлемінің патшасы - Димаш Құдайбергенді сыйлады.

Димаш, ән сахнасына көтерілгенде, әлемдегі адамдар ғана емес, күллі он сегіз мың ғалам, сұлу үнге құлақ түріп тынып қалғандай болады. Димаш орындаған ән жеті қат көк, жеті қат жерді әннің әлемдік бесігінде, жымақ үнмен тербетеді. Тұтас ғалам Димаш болып ән салып, сұлулық шұғыласына шомады. Күллі дүние қорғасыдай балқып, құлақ тойғысыз сұлу ән аренасына айналып кете барады... Сонау, сонар аспандағы жарық шырақтар жымың-жымың қағып Димашпен бірге ән салып тебіренеді, ғажап хас үнге үнсіз нұрын төгіп қарап тұрады.

Бір ғана қазақ баласының үніне барша әлем уыздай ұйып, демін ішіне тартып мүлгіп ән әрін бойына сіңіреді. Димаштың үдемелі үн ырғағында, қызжібектің салтанатты көшіндей көзайым, керім көрністер көк пен жерді тұтастырып, інжу маржандай тізбектеліп көз алдыдан өтеді. Өтеді де көркемдік көкжиектің шұғыла нұрына малынып, сұлулық бостығына ой ұзатады.

Әннің нәзік ирімдері Үкінің үлпілдек қауырсынындай, торғын жібек сусылындай майда - майда маржан үн құлақтан кіріп, бойды алады. Жүрекке кір жыйнамай нұр жинатады. Шаршағанды басады, уайымды ұмыттырады. Дертті жазады, көңілді тіптен жадыратып жібереді. Тебіренген жұрт өзін ұмытып та кетеді. Қиялдары қыиырға қыдырып ән толқынының ғажайып қанатымен бірге самғап, бірге ілесіп, бірге ұшып жүреді.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлей әншінің, тұп - тұнық, елік жанырынан бейіштің мәңгі сөнбес қос шырағы қатар маздап жанып, жайнап жарығын жан жағына райсыз түсіріп тұрғандай түйіледі. Теңіздей терең ойлы, бір жұп оттай жанған жанары түнгі аспанның жарық жұлдызындай, көрерменді ұршықтай үйіріп, кеудесіндегі таңғажайып өнер әлемінің алтын қазығына бір жола бағындырып байлап тастайды. Шүлен нұрдың шұңетіне тоғыттып тастайды. Ән тыңдаған халық әнші кеткеннен кейін де, тамаша әсерден ұзақ уақыт айырыла алмай Димаш болып ән салып, іште қалған әсерімен жалғыз жүріп те бөлісе береді.

Әнеу, аспанға әуелеп кеткен хас сұлу ғажап дауыстың қанатындағы, өте нәзік мың сан құбыла құлпырған, тынысты ырғақтар тұтас аспан әлемін жаулап, ине шаншар бостық қалтырмайды. Кеңістік керемет керімсал дауысқа толып кетеді. Тыңдармандарын дала дауыс бесігіне құндақтап, әлди жырмен алысқа, аспанға, жұлдыздар арасына алып кетеді. Сері серуін күйге бөлейді.

Иә, әншінің ғажабы сол. Сұлу үн көміс теңгедей сыңғыр қағып құлаққа жетіп қана қалмай, жүректен өтіп, ән сахнасынан көшіп, тұтас әлемді ән әлдиімен тербеп кең өлкені әнші ару далаға айналдырады. Керемет қанатты дауыс, тынысы кең керім дыбыс деген осы... Сонау, шалғайға шалқып ұшып, құлақтан үзіліп бара жатқан мұнарлатқан дауыс алыстан тез, жылдам оралады. Сосын сахна төрінен ұзап кеткен құлақтарды үйіре ұйыстырып сахна төріне жинайды. Періште бітімді, пері қасиетті әнші бір қарасаң адам, қарапайым қазақтың ұлы...

Алтын топыраққа, ұлылық қарапаймдылыққа жасырынады. Ән әлемінің жаһұттай жарқыраған қымбат, бағалы байлықтары түгелімен Димаштың жібектей мінезі мен таң нұрындай таза өнеріне жасырынып қалғандай...
Ән сахнасында, ол мүлде басқа жан. Өнердің жанып тұрған жалғыз жалқы жарық шырағы сіпеттес. Миллиондап кірпік қақпай қадалған отты жанарлардың бәріне, жұп жанарымен жауап қайрып, құлпыра құбылып, мың сан түлеп, түрлене төлежіп, дауылпаз дауысымен бірін де қағыс қалтырмай ұршықтай шыр үйріп әкетеді. Лүп-лүп соққан миллион жүректерді баурап, көздірін жаулап алады. Міне, нағыз өнер иесіне тән ғажап құбылыс. Тіптен сирек кездесетін Димашқа тән дара талант, таңғажайып әншілік өнер.

Жә, талант, талант болғанда да, жалқы жалғыз дара боз, хас талант. Бажайлап бақылаңызшы. Құр құлақты да, құйма құлақты да, ақпа құлақты да, сақ құлақты да, бөгде бөтен құлақты да әп сәтте ән тыңдар, өнер сүйер құт құлаққа айналдырып үлгіреді.

Әнші, әнші болғанда да, әлемдік әнші. Адамзаттың ортақ мақтанышы. Түпсіз тереңдік пен шексіз бйіктікті, жиексіз кеңдікті бағындырған әнші, әлем елін табындырған әнші, тыңдарманын ауық-ауық сағындырған егей ерен әнші.

Иә, Алла тағалаға мың сан үшкір!! Қасиетті қазақ деген халыққа, жоқ адамзат баласына осындай ұланғайыр даулпаз дауысты, сандуғаш көмейлі, бұбұл үнді, найзағай сезімді, күн көңілді, ай дидарлы, жұлдыз көзді, жібек сөзді бір егей әнші бергеніне, ұлғатты ұлтжанды ұлы ұл сыйлағанына!! Димаш болмаса, ол әлемдік сахнада ән салмаса, Қазақ әні қанатын әлемдік кеңістікке кең жайар ма еді. Әміре Қашаубайдан кейін, бір ғасыр ұйықтап, қалғып, қасаң тартып қатып қалған, қелең құлақтарды кім әнмен тербеп оятар еді. Кім әлем сахнасында ән бағын ашып жұлдыздай жарқырап, әлем аринасына, ән сахналарға алып шығып еді-ау!? Періште үнмен дүниені дүр-дүр сілкіндірер еді-ау!? Ұзақ уақыт тот басып шойындай салмақ тартып қалған сезім құлақтарының қара құлпын, ән кілтімен кім ашар еді-ау!?

Қазақ әнінің мәртебесін ұлы сахна төріне биік көтеріп, "Дайдидау" деп, Қазақ тілінде кім сайраттар еді. "Адай" күйін нақышына келтіре орындап, ұлтымыздың ұлы күйін аспан астында кім күмбірлетер еді. Алаш атын әлем өнер таихына жазып, өшпестей етіп, кім тасқа басқан таңбадай танттар еді-ау!? Тұтас аспанды қазақ дауысына кім толтырып, ән өнерімен зерделер еді-ау?! Мынау, алты құрлықты, алты алашты, бар әлемді ән әлдиімен тербетіп, бір сахнада басын қосып, ән мерекесімен дүние халқын кім уыздай ұйытар еді-ау?! Көлеңке тартып көнеріп бара жатқан көн көңілді көншітіп, қараңғы тартқан теріскей бетіне, әннің күн сәулесін кім түсірер еді. Семіп сенімнен айырылған жадау жүрекке кім мызғымас берік сенім ұялаттар еді-ау!?

Иә, Дауыс. Дауыс демекші, дауыстың да дауысы бар. Әсіресе әншілік өнердің дауысы тіптен басқа, орайы бөлек, орны ерек. Ән дауысын зертейтін әлем ғалымдары қалай жіктейді екен деші?! Ер әншілер дауысы әлемдік теорияда: "Тенор", "Баритон", "Бас" дауыс болып үш түрге бөлінеді. Оны ары қарай сабақтасақ.

1. Тенор дегеніміз – ер әншінің жоғарғы дауысы. Италия сияқты Музыкалық талғамы жоғары елдер тенор әншілерді өте жоғары бағалайды. Тенор дауысты ән өнерінің ірі уәкілі өзіміздің Нұрғали Нүсіпжан деп танған жөн.
2. Баритон – Бас пен Тенордың арасындағы дауыс. Қазақ "қоңыр үн, қоңыр дауыс" деп бағалайтын дауыстың бұл түрі музыка тілінде "Баритон" деп аталады.  Ән өнерінің бұл түріне біздің бір туар әншіміз Ермек Серкебаев марқұмды жатқызуға болады.
3. Бас – диапазоны төмен ер адамның классикалық дауысы. Джаз жанрына өлшеусіз үлес қосқан Луи Армстронгтың дауысы – бас баритон дауыс деп танылған.

Жә, әз халқым, ән тыңдау, ән салу, әнге баға беру үшін де есті құлақ, білімді жүрек, сапалы сана керек. Ал, біздің Димаштың дауысында жоғарыдағы айтылған тенор, баритон, бас дауыстардың басы түгелімен толық тоғысып, бір ғана Димаш дауысына айналып қалған. Бөліп жаруға көнбейтін, жырып жырмалауға келмейтін бір бүтін дауыс құйлысы болып құрыштай қортылып құйылып қалған. Сондықтан Димаш Мәскеудің төрінде, франсия сахнасында, Америка тағы басқа ұлы сахналарда қай елдің тілінде ән шырқаса да, соның бәрін осы үш бірліктен тұратын мың бояулы дауыс бағындырып алған, табындырып тастаған.

Димаш, Алланың өзіне ерекше сыйлаған ғажап дауысын ән өнер тәбиғатына жүгіндіре отырып, сол дауысымен ой-пікірін, сезім-сырын, көңіл-күйін, әрқалай сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б. Дыбыстау мен дауыстаудың мың сан құбылмалы құлпырмалы ішкі эстетикалық әдемі әсерінінен толық қоректеніп, жан құпиясында түрленіп жатқан інжу дыбыстарды, мың сан қайнатып, пісіріп сыртқа сымбатты етіп шығарып, тыңдарман құлағына еш мінсіз етіп, дәмдеп, тәттілеп, әсерлеп, әдемі жеткізеді. Сіз, Димаш әніне қайта бір құлақ түріп, ой қазанында қайнатып көріңізші. Расында керемет. Тіптен ғажап дүние!? Бір ән періштесі көз тойғысыз көркем сахнада ән салып тұр... Ол - ән патшасы - Димаш Құдайберген!?

Димаштың дыбыс тербелісінің жиілігі мен дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, жақ керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына қарай әр дыбыс, әр ырғақ еш бұзылмай, бояуын өшірмей, ән аңсаған құлақтарға дүп естіліп, шәшәусіз жетіп тұр. Тың құлақ тыңдармандардың да орталық жүйке жүйесін, еш жүдетпей жүйелі жеріне майдай жағып жетіп тұр. Ішкі секреция қызметіне де әдемі әсер бағыштап балдай жағып тұр.

Әне, таңғажайып дауыс бір сәт үзіліп, үздігіп, талықсып, талмаурап, өшкіндеп барып қайтадан қопарыла көтерілген күшті толқынды дауыс, әншінің желбезегінің дірілімен көрермен жүрегі де бірге дірілдей жөнеледі. Ұйықтап, қалғыған сезімдерді дауыс бояуымен оятады. Содан ары қарай, оларды ән кемесіне отырғызып алысқа жетелей жөнеледі. Тыңдармандар Димаштың төмен-жоғары, жуан-жіңішке айтқан ән ырғағына, дауыс кемесіне отырып серуенге шығады. Көк мұхитта алып дауыс кемесімен қалқып жүзіп жүргендей сезінеді. 

Бір кереметі Димаш концертті аяқтап, жанкүйелеріне қара сөзбен қош айтқанда да, оның дауысы басқаша дыбыспен өрнектеліп жібектей жұп-жұмсақ естіліп есте қалады. Жаңа ғана теледидардан Димаш Құдайберген салған әндерді тыңдап отырып, күллі әлемді ән табиғатына сыйғыза айтқанына өз көзіммен, өз құлағыммен куә болып отырмын...

Димаштың дауысының жарығы лазер сәулесінің жарығындай болса, тездігі жарық жылдамдығындай, өлшеусіз ұзаққа алып кетеді. Пұрақ сезімді пырақ сезімге әп сәтте айналдырып үлгіреді. Тыңдарман құлағын уыздай ұйытып, көрермен көзін өнердің тылсымымен байлап тастайды.

Дауыс күші - атом ядро қуатындай жойқын. Ал майда тұстары қылдай нәзік. Үзіліп кетердей қылдан жіңішке. Құлаққа талып жетіп, жүрекке сыр ұялатады. Бірде ән ирімдері көк мұхиттың көгілдір бетіндегі бұйра-бұйра толқындай кестеленеді. Бірде шыр айналады, көк ирімдей көркем көрністі көрсетеді. Иә, бұл ғажап емес пе?! 

Ал жоғары дауысқа көшіп көтеріле шырқағанда төрт құбылаңды дауыс әлдйімен бірақ қоршап тастайды. Ән құдіретімен тұтқындап тастайды. Сосын ол дауыстан тыңдармандары тіл жеткісіз ләззат алады. Нәзіктеп сыбызығы үніндей сызыла көтеріп айтатын тұстары аспанды ғажап дауыс нұрына лық толтырып тастайды. Шығандап көкке қарай көтерілген дауылпаз дауыс бар тыңдарманын ән қанатына қондырып тіптен алысқа, сұлу әлемді саяхаттатуға алып кетеді.

Мен теледидардан оның ғажап әндерін тыңдап, ән әуенімен бірге күллі дүниені саяхаттап келгендей сезіндім...
Димаш баурым, саған сәті түсіп, дидарласып жатсақ. Ақ батамды беріп, алтын дидарыңды көріп, өте бір керемет ұсыныс айтар едім. Ән патшасы - Димаш баурым. Жалпақ әлемде сенің табаның тимеген жер, әніңді тыңдамаған халық қалмасын!!

Мынау, теңі жоқ, теңдесіз орындап жатқан әндеріңмен сусындаған адам баласы жүректеріне кір жинамай, нұр жинасын. Алла тағала ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, ақ жол берсін. Отаның мен отбасыңның қызығын қатар көр!! Алла тілегімді тоқсан тоғыз көркем есімімен, сегіз жаннаттан нұрландырып, қабыл етсін!!

Мақаланы жазған: Болат Бопайұлы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети