Ішек микрофлорасы мен иммунитет тікелей байланысты. Микробиота мидың ойлау қабілетіне де әсер етеді. ішек микрофлорасы жайлы сөз қозғалғанда пробиотиктер және пребиотиктер жайлы естуіңіз мүмкін. Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Ал антибиотик қандай жағдайда керек? Бұл туралы Мassaget.kz толығырақ мәлімет берді.
Ішек микрофлорасы мен иммунитет тікелей байланысты. Микробиота мидың ойлау қабілетіне де әсер етеді. ішек микрофлорасы жайлы сөз қозғалғанда пробиотиктер және пребиотиктер жайлы естуіңіз мүмкін. Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Ал антибиотик қандай жағдайда керек? Бұл туралы Мassaget.kz толығырақ мәлімет берді.
Пробиотиктер деген не?
Бұл тірі ағзалар, олардың көп бөлігі ішекте өмір сүреді. Кейде оларды "жақсы" бактериялар деп атайды. Олардың түрлері өте көп. Алайда олар асқорыту проблемасын шешетін әмбебап құрал емес. Егер оны дәрігер жазып берсе, таблетка түрінде ішеді. Оны тамақ арқылы да алуға болады: айран, табиғи йогурт, ашытылған қырыққабат және т.б.
Олар асқорыту мен иммунитетке пайдалы болуы мүмкін. Алайда пробиотиктерді рационға қосу әркез пайдалы емес. Себебі кей адамдардың асқазан-ішек жолына пробиотик қосымшалар көмектеспейді. Олар тек кейбір аурулар кезінде пайдалы. Сондықтан оны өздігінше іше берудің қажеті жоқ. Егер асқазан-ішек жолымен қандай да бір проблема болса, диетолог немесе гастроэнтерологқа қаралыңыз.
Пребиотиктер деген не?
Пребиотиктер - пайдалы микроағзалардың биологиялық белсенділігін және өсуін ынталандыратын тағамдық талшықтар. Ол көптеген жемісте, пиязда, сарымсақта, дәнді дақылдар мен бұршақтыларда болады. Пребиотиктер тағамдық ферменттермен қорытылмайды. Олар тоқ ішекке өзгеріссіз күйде түсіп, оның микрофлорасымен өңделеді.
Антибиотиктер деген не?
Ол - "зиянды" бактерияларды өлтіру үшін қолданылатын дәрі-дәрмек. Ол дәрі, крем, тамшы немесе екпе түрінде болады. Олар бактериялық инфекцияның нақты түрі бар адамдарға көмектеседі. Мысалы, несеп-тас ауруы немесе фарингит. Алайда антибиотиктер ішектегі "пайдалы" бактерияларды да жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан егер науқасқа антибиотикті ұзақ уақыт ішу керек болса, ол көбірек жасұнық (пребиотик) тұтынуы керек. Бірақ мұндай кезде пребиотикті тек тағам арқылы алу жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан дәрігер оны қосымша құрал ретінде жазып береді.