“Әпкем босанғанда бірге кіргізбеді“. Министрлік шағымға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Әпкем босанғанда бірге кіргізбеді“. Министрлік шағымға жауап берді

Әлеуметтік желілерде Өскемен тұрғынының жазбасы тарады. Ол перзентханада әпкесі босануға кірген кезде бірге кіре алмағанн айтқан. Оны сөзінше, қызметкерлер "2026 жылдың сәуіріне дейін карантин" екенін алға тартқан. Жазба желіде тез таралып, болашақ ата-аналар арасында түрлі пікір тудырды.

Threads-тегі жазба авторы перзентхана қызметкерлері карантин талаптары сондай екенін алға тартқанын жазған. Бұл ретте, қолданушылар пікірі екіге бөлініп: бірі бұған мүлде тыйым салынғанын жазса, бірі шынымен карантин болуы мүмкін деп болжаған.

Tengri Life тілшілері бұл жайтқа қатысты Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментіне хабарласып, ресми пікір алды.

Ведомство әйел босанғанда бірге кіруге толық тыйым салынды деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

"2026 жылдың сәуіріне дейін босану процесіне бірге кіруге толық тыйым салынды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Рұқсат бар. Алайда эпидемиологиялық маусым кезінде инфекцияның таралу қаупін төмендету үшін уақытша, маусымдық профилактикалық шаралар қолданылады. Бұл ұзақмерзімді шектеу емес", – деп хабарлады ведомство.

Баспасөз қызметі мәліметінше, бұл шешім санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының бұйрығына сәйкес, қазіргі эпиджағдайды ескере отырып қабылданған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети