АҚШ Қазақстаннан жалға алғысы келетін Алматыдағы учаске қай жерде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Қазақстаннан жалға алғысы келетін Алматыдағы учаске қай жерде? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы АҚШ-қа жалға берілмек жер учаскесін барып көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы АҚШ-қа жалға берілмек жер учаскесін барып көрді.

Жобалық келісімге сәйкес, Қазақстан үкіметі АҚШ-қа 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға береді. Учаске Горный гигант ықшамауданында (Жамакаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Алдар Көсе көшелерінің шаршысында) орналасқан.

2gis.kz

Қазіргі уақытта бұл жер жолдардағы қар мен топырақты төгуге арналған бос учаске ретінде пайдаланылып келеді.

Жер учаскесінің бір бөлігі металл қоршаумен қоршалған.

Учаскенің шығыс бөлігінде шағын футбол алаңы бар. Консулдық ғимарат құрылысы басталған жағдайда оның тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Бұған дейін жарияланған келісім жобасына сәйкес, 49 жылдық бастапқы жалдау мерзімі мен одан кейінгі 49 жылдық жалдау мерзімдерін ұзарту (жалпы ұзақтығына шектеу қойылмаған) үшін төленетін жалдау ақысы 25 миллион 301 мың 16 доллар болады. Бұл сома келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлем ретінде төленеді.

Айта кетейік, АҚШ-пен келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарауға алған. Екі ел арасындағы келісімге 2024 жылы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети