Әскерде ант қабылдауына туыстары келе алмаған сарбаз Президент полкіне ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерде ант қабылдауына туыстары келе алмаған сарбаз Президент полкіне ауыстырылды видео кадры

Әлеуметтік желілерде әскерде ант қабылдауға туыстары келе алмаған сарбаздың видеосы көпшіліктің жанын тебіренткен еді. Видео кейіпкері "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде әскерде ант қабылдауға туыстары келе алмаған сарбаздың видеосы көпшіліктің жанын тебіренткен еді. Видео кейіпкері "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ҚМ 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, видеодағы сарбаз - әскери қызметші Александр Землянкин. Ол 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмапты. Майордың сұрағына сарбаз әскери тәртіппен жауап берді.

Александр - Щучинск қаласының тумасы. Мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында атқарады.

Жергілікті басылым тілшілері сарбаздың анасымен сөйлескен. Ол ұлын жалғыз тәрбиелеп өсіргені белгілі болды. Александрдан басқа кәмелетке толмаған екі қызын тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты әйел отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған. 

Александрдың анасы ұлының Көкшетауда аспаз болып оқығанын, бірақ биыл әскерге баруға шешім қабылдағанын айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети