05 шілде 2024 14:34

Астанада қанша адам тұрады: жаңарған деректер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана күні қарсаңында қала тұрғындарына қатысты тың деректер белгілі болды. Толығырақ - Tengri Life материалында.


Астана күні қарсаңында қала тұрғындарына қатысты тың деректер белгілі болды. Толығырақ - Tengri Life материалында.

Хабарлама Ұлттық статистика бюросының ресми Telegram-арнасында жарияланды.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, халық саны 1 464 415 адамға жетті. Оның 696 234-і ерлер, 768 181-і әйелдер.

"2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас, ерлер үшін 74,23 жас, әйелдерде 81,28 жас болған. 2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас болды", - делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтар-мамырдағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам. 

Читайте также
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды

Валюта бағамы

 476.83   490.7   5.42 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети