Астанада жолдардағы жылдамдық шектеліп, жаңа жол белгілері орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолдардағы жылдамдық шектеліп, жаңа жол белгілері орнатылады Фото:depositphotos.com

Астанада 80-нен аса жаңа жол белгілері орнатылады. Сонымен қатар кейбір учаскелерде жылдамдық режимі төмендетілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Auto.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 80-нен аса жаңа жол белгілері орнатылады. Сонымен қатар кейбір учаскелерде жылдамдық режимі төмендетілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жол белгілері қайда орнатылады?

Полиция мәліметінше, жаңа жол белгілері көше жағдайына жүргізілген зерттеуден кейін орнатылады, егер кейбір учаскелерде қозғалыс сызбасын өзгерту қажет болса.

"Бұл ретте жол учаскелерінің конфигурациясы мен геометриялық параметрлері, көлік пен жаяу жүргінші ағынының қарқындылығы, барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қажеттілігі ескеріледі. Жоғарыда аталған критерийлер негізінде қажетті жол белгілерін орнату туралы шешім қабылданады", – деп мәлімдеді Полиция департаменті ресми сауалға жауап ретінде.

Жыл басынан бері Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері 150-ден астам көше-жол желісіне зерттеу жүргізген. Соның қорытындысы бойынша, 80-нен астам учаскеде жол белгілерін орнату туралы нұсқама берілген.

"Олардың қатарында Айнакөл, Қаныш Сәтбаев, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Сығанақ, Тұран көшелері және басқалары бар. Жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту шаралары азаматтардың өтініштері мен нақты жол учаскелеріндегі жағдайды талдау негізінде қабылданады. Бұл жұмыс күнделікті негізде жалғасып жатыр", – деді ведомство өкілдері.

Қандай белгілер ауысады немесе алып тасталады?

Полицияда қолданыстағы кейбір жол белгілерін алу немесе ауыстыру да биыл жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін (мысалы, зақымдалған немесе келісімсіз орнатылған) жол белгілер.

"Сонымен қатар, зерттеу барысында басқарма мен жергілікті атқарушы органның келісімінсіз орнатылған белгілер де анықталады. Мұндай белгілер де алып тасталады", – деп түсіндірді ведомство.

Жылдамдық режимі өзгере ме?

Жылдамдық шектеуін өзгертуге келсек, полиция өкілдері елді мекендерде көлік қозғалысы сағатына 60 шақырымнан аспауы тиіс екенін еске салды. Тұрғын үй аймақтары мен аулаларда — сағатына 20 шақырымға дейін. Ерекше режим белгіленген учаскелерде ғана сағатына 90 шақырымға дейінгі жылдамдыққа рұқсат етіледі.

Алайда мектептер мен адамдар көп жиналатын орындардың маңында жылдамдық 40 немесе 20 шақырымға дейін төмендетілуі мүмкін.

"Рұқсат етілген жылдамдық шегін арттыру туралы шешім, әдетте, тұрғын үй құрылысы жоқ және шалғайдағы шағын аудандарды жалғайтын жолдарда қабылданады", – деп толықтырды полиция.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети