20 шілде 2023 11:08

Астанадағы Тоқаев айтқан Жағалау мен Тұранның қазіргі жағдайы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың жаңа аудандарын абаттандыру жұмыстарын сынға алып, көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындардың жоқтығын айтты. Нақтырақ айтқанда Жағалау ықшамауданы мен Тұран даңғылының батысындағы ғимараттар туралы. Tengrinews.kz тілшісі бұл жерлерді өз көзімен көріп қайтқан еді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың жаңа аудандарын абаттандыру жұмыстарын сынға алып, көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындардың жоқтығын айтты. Нақтырақ айтқанда Жағалау ықшамауданы мен Тұран даңғылының батысындағы ғимараттар туралы. Tengrinews.kz тілшісі бұл жерлерді өз көзімен көріп қайтқан еді.

Жағалау ықшамауданына барғанда осындай көрініске тап боласыз.

Бұл жердегі қоқыстар күн сайын емес апталып шығарылмайтын тәрізді!

Тұрғындар жол жөндеу жұмыстарын күтпестен, өздері шұңқырларды тастармен толтырып қойған.

Бірақ тұрақты құрылыс пен ауыр көліктер салдарынан жолдар ұзаққа шыдамайтыны анық.

Аудандағы ең жағымсыз көріністің бірі, жер бетіне шығып жатқан тоқ сымдары. Мұндай сымдарды бірнеше жерден байқауға болады.

Бұл үйдің маңында ағаштардың барлығы қурап қалған.

Ал мұнда терезе астын арамшөп басып кеткен.

Ілияс Омаров көшесіндегі 3 үйдің тұрғындары өз күштерімен аулаға гүлзарлар отырғызған. Тұрғындардың айтуынша, әкімдік оларға тек қара топырақпен ғана көмектескен. Үйдің ауласындағы гүлзарлар арқасында, пәтердің жан-жағы көзтартарлық күйде.

Бұл 16 қабатты ғимараттың алдында балалар алаңы, спорт алаңы, тіпті белгіленген жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Тұрғындар бос жатқан аумаққа жақында бәрі салынады деп үміттеніп отыр.

Кәріз құбырлары осындай ауыр бетон плиталармен жабылған.

Үйдің сыртқы жабындары түсіп жатқанын байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай қалыпта үйді қабылдауға болмайды, сондықтан олар адвокат жалдаған. Үй 2019 жылы пайдалануға берілген.

"Жағалау" ықшамауданы жоспар бойынша осындай болуы керек еді. Үйлердің арасында кең жасыл алаңдар, саябақтар мен ағаштар болуы керек еді. Үйлер салынды, пәтерлер сатылды, бірақ тұрғындар мұндайды күтпеді.

Krisha.kz сайтындағы фото

Тұран ауданындағы бұл көшеде де бір ағаш жоқ, тек арамшөптер.

Оң жақтағы бағдаршамға назар аударсаңыз, оның тіректері жер деңгейінен жоғары тұрғызылған. Шамасы, жоспар бойынша бұл жер топырақпен жабылуы керек еді, бірақ кейін олардың жоспары аяқсыз қалған көрінеді.

Құрылыс салушылар жылжымайтын мүлікті сату порталына ұсынған аудан жобасы осындай. Барлық тұрғын үй кешендері суретпен сәйкес келеді. Бірақ уәде етілген саябақ (төменгі сол жақта) әлі салынбаған. 2gis.kz мәліметінше, қазіргі уақытта ол жерлерде нысан салынып жатыр.

Фото krisha.kz

Жол жиегіне қоқыс жәшіктері қойылған. Жергілікті тұрғындар қоқыстарын тастауға ерінетін тәрізді.

Мұнда жаяу жүргіншілер жолы орта жолдан аяқталып қалады.

Ағаш және биодәретханалар көптен бері елордалық жаңа ғимараттардың ажырамас бөлігіне айналған.

Тағы да сыртқа шығып жатқан тоқ сымдары.

Мұнда қауіпті тоқ сымдары спорт және ойын алаңдарына жақын жерде орналасқан.

Бұл жер - арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кіреберіс.

Бұл тоқ сымдары жерден шығып жатқан ағаш тамырларына көбірек ұқсайды.

Аула аздап абаттандырылған. Алайда ойын алаңы айналасындағы ағаш көшеттері қурап, көріксіз күйге түскен. Осы ауданда бірде-бір саябақ жоқ.

Қаңтарда Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Тоқаев елордада саябақтар жетіспейтінін, тұрғындардың жайлы серуендеуі мен демалуы үшін орындар аз екенін мәлімдеді. Ол қала құрылысы кезінде әкімдік бұл сәттерді жіберіп алғанын, енді елордаға көбірек қоғамдық орындар, жасыл желектер мен жаяу жүргіншілер жолы қажет екенін атап өтті.

Содан бері 6 ай өтті. 11 шілдеде Мемлекет басшысы жиында бұл мәселені тағы да көтерді.

"Елорданың "Жағалау" ықшамауданы және Тұран даңғылының батысындағы құрылыс сияқты жаңа аудандары мүлдем абаттандырылмаған. Көшелер жарықтандырылмаған, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар жоқ, саябақтар мен гүлзарлар туралы айтпағанның өзінде", - деді Тоқаев.

Кейін Мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке елорданың осы және басқа да көптеген мәселелерін шешуге бір жыл уақыт берді.

Мәтінді жазған: Эльдар Нуруллин

Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети