19 қыркүйек 2014 | 10:34

Ата-енем немерелерін еркелетпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 "Бауыржан Момышұлы: "Немересіне ертегі айтпайтын әжелер мен баласын бесікке бөлемейтін келіндер бар. Мен осылардан қорқамын" демеп пе еді. Мен өзім балалы болғалы осы сөзді жиі есіме аламын. Өйткені менің ата-енем немерелеріне ертегі айтпақ түгілі, тіпті еркелетіп бастарынан да сипамайды" дейді «Алаш айнасына» хат жолдаған Мақпал есімді оқырман.

Иконка комментария блок соц сети

Мен өзім ауылда өстім. Кейін қалаға келіп, жоғары оқуды бітрігеннен кейін Алматы қаласының жігітіне тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен алғаш танысқан кезімізде ол қазақша жақсы сөйлей де алмайтын. Бірақ екеуміз жақсы тіл табысып, ойымыз бір жерден шыққан соң отбасын құрдық. Ол орысша сөйлесе, мен қазақша жауап беретінмін. Кейіннен ол да ана тілін жетік меңгеріп алды. Өйткені Мұрат қалада тәрбиеленсе де, қазақ әндерін тыңдағанды жақсы көреді, жаны қазақ, нағыз патриот.

Мұрат екеуміз отбасын құрған кезде алғашқы жылдары ата-енеммен тұрдық. Өмір бойы қалада тұрған, үйлеріне артық-ауыз адамның келгенін көтере алмайтын ата-енемді түсіну мен үшін өте қиын болды. Мерекелерде, туған күндерде үйге достарымыз, туған-туыстарымыз келе қалса әсіресе, енемнің қас-қабағына қарап қысылып бітетінмін. Өйткені ол кісі келген қонаққа, әсіресе бала ертіп келген қонақтарға бетің-жүзің демей, "Болды, қайтыңдар үйлеріңе, біз шаршадық" дей салатын.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети