Осыдан біраз уақыт бұрын «агро-ғылымды реформалау» идеясы бас көтергенде, «әй осы ауыл шаруашылығы енді бір еңсе тіктер» деп үміттенгенбіз. «Бізде ауыл шаруашылығын өркендету үшін алдымен осы саланың ғылымын реформалау қажет» дегенді ол кездері біраз қауым сөз етті. Тіпті агро-ғылымды реформалауға қатысты арнайы бағдарлама жасалып, ұсыныстар да айтылды. Бірақ сарапшылар қазірде «бұл бастама тағы сол эксперимент түрінде қалып қойды» деп отыр. «Алаш айнасы» осыны ескеріп, агро-ғылымды реформалау, жалпы, ауыл шаруашылығындағы реформа бізге не берді? Біз осы ауылға бағытталған бастамалар легінен не ұттық, неден ұтылдық деген сауалдарды талдап көруді жөн көрді.

Ғылыми-зерттеулерге бөлінер қаржы өсуі керек
Тереңіне жүгінсек, ауыл шаруашылығына серпін беру мақсатында біз осы уақытқа дейін бірнеше реформаларға реңк беріп келдік. «Ауылдың шаруасын түзейміз, ағайынның түтіні түзу шыққанын қалаймыз» деп ауылға арналған арнайы төрт жылдық бағдарлама да қабылдадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекеттің қолдауын да «сезіндірдік». Ауылда кәсіппен айналысар қауымға жеңілдіктер беру жүйесін де (!) жетілдірдік. Тізе берсек, ауылға жасалған реформаның реті құлаш-құлаш (Әттеген-айы, осы бастамалардың дені ауылға бейімделіп сіңісіп кете алмағыны).
Енді келіп ауылдағы ағайынға агро-ғылымды жаңғырту арқылы жақсылық жасап көрмек болдық. Мамандардың пайымдауынша, агро-ғылымды реформалау барысында өзгені қойып бірінші кезекте ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемін өсіруді мақсат ету керек. Олай етпесек, реформалау жүйесі тұрақты болмайды.
Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:
– Егер жаңағы агро-ғылымды реформалау жобасында келер жылы аграрлық зерттеулерге жыл сайынғы қаржыландыруды саланың ішкі жалпы өнімінің 1 пайызына дейін жеткізу жоспарланса онда мұны қолдауға болады. Ал агро-ғылым туралы реформа бұл мәселені қамтымаса онда ондай реформаның қажеті шамалы. Себебі, қазірдің өзінде ауыл шаруашығы саласында оның ішінде мал шаруашылығында тұқымдық жұмыстар жүргізу үшін; асыл тұқымды малдарды шағылыстыру үшін және көпжылдық шөптер жүйесін іске асыруға; сондай-ақ агро-өнімдерге ғылыми сараптамалар жүргізуге қыруар қаржы керек. Біздің агро-ғылым түбірімен реформалауды қажет ететін көнерген ғылым емес. Агро-ғылым ізденістерге толы, жаңашылдықты арқау еткен ғылым. Сондықтан ауыл шаруашығы ғылымын қаржыландыру жүйесін қолға алған жөн. Ауыл шаруашылығын ғылымын қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің 1 пайыздық деңгейіне жетуі керек. Сонда ғана ғылыми зерттеулер тереңдеп, заманға сай инновациялық экономикаға бейімделген жаңалықтар ашылады. Ал менің білуімше, ауылды ғылыми зерттеулерге бөлінер қаржыны 2017 жылы ғана жалпы өнімнің 1 пайыздық деңгейіне жеткізе қаржыландыру көзделіп отыр. Оған дейін әлі үш жыл уақыт бар. Негізінде, мәселені бүгіннен бастап шешу қажет.
Шығынның жартысы ауылға жұмсалуы керек еді
Мамандардың қайсыбірі агро-ғылым туралы осылай деп пікір білдіріп жатқан тұста келесі бір экономист мамандарымыз «бізге ғылымды реформалауды қоя тұрып, агро саясатты жаңалау керек» десті. Мұндай пікірдегі мамандардың байыптауынша, қазір Қазақстанда 7002 ауыл бар, оның 4258-нің даму потенциалы орташа, 102 ауылдың келешегі бұлыңғыр, ал 32 ауыл қаңырап бос қалған. Бұған қатысты мамандар «негізінен біздің экономикалық құрылымымыз екіге бөлінеді. Қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтан мемлекеттік шығынның жартысы ауылға жұмсалуы керек. Ал республикалық бюджеттің өзі соңғы жылдары 3-4 триллионды құрайтынын ескерсек, ауылға бөлінген аталған сома өте аз. Сондықтан болашақта агро-саясатқа деген көзқарасты өзгерту керек» дейді.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.