Өзім жайлы
Өзім жайлы
Мен қарапайым ауылдағы шағын бір мектептің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бұл жерде ата-анамның кіндік қаны тамған, олардың ата-анасы да осы жерде тұрған, енді міне, мен тұрып жатырмын. Бір сөзбен айтқанда, бұл біздің - қара шаңырағымыз. Неге мен бұл мамандықты таңдадым десеңіз, балаларды жақсы көремін, ойы ашық, саналы ұрпақты оқытқым келеді. Шын мәнінде, анам бұл жерден кеткісі келмейді, ал мені ол кісіні тастап кете алмаймын. Анаммен жаным бір. Сондықтан осындамын. Көп достарым "Он бір жыл бойы оқыған мектебіңе қайта келіп жұмыс істеу қалай?" деп сұрайды. Бәрі өзіме ыстық көрінгендіктен бе, бәрі жақсы еш қиналмаймын. Іш пыстырарлық дейсіз бе? Мүмкін... Бірақ, басқа амалым жоқ болды. Сондықтан өз жұмысымды сүюге тура келді.
Жұмысымды жақсы көремін бе?
Мұғалімдікке тек жақсы оқитындар барады деген ой өтірік. Мысалға мен, мектеп кезінде жақсы оқыдым деп айта алмаймын. Маған оқу қиынға соғатын. Әсіресе жоғары сыныптарда. Өз басым математика, алгебра десе төбе шашым тік тұратын. Ешқашан нақты ғылыми формулалар басыма кіріп-шықпайтын. Өзімді гуманитарийлердің қатарына жатқызамын. Әлі күнге дейін есімде, алгебрадан кейін геометрия екені есіме түссе барғым келмей, аяғымды әрең алып жүретінмін. Мектепті бітірген соң енді тақтаның алдында тұрып, білмейтін формулаларды жазып тұрмайтыныма қатты қуандым. Сондықтан мен көп сөйлейтін, өмірлік тәжірибемді бөлісе алатын мамандықты таңдадым десе де болады. Айтпақшы мектепті жақсы бағамен аяқтағанмын. Жұмысымды жақсы көремін бе? Иә деп ойлаймын. Бірақ, заманауи мұғалімнің жұмыс істеуге уақыты жоқ. Түсінесіздер ме, мен оқытқанды жақсы көремін. Білгеніммен бөлісіп, балалардың көзінен таңданған эмоцияны көрсем мен үшін бақыт. Балалардың санасына ой қондырудың, түрлі ұйымдардың басшысы болып, бірге бір жаққа серуендеп келудің орнына қағаз жұмысынан қолымыз босамайды. Шын... Кез келген мұғалімнен сұраңызшы. Сабақта не істейсіз деп? Қағаз жұмысынан жауап беруге уақыты болмай отырады. Құжат, қағаз және қағаз. Мүмкін жоғары жақтан біреу біздің жұмысымызды жеңілдеткісі келетін шығар бірақ әзірше айырмашылық мүлдем сезілмейді. Электронды күнделікті енгізгеннен гөрі, мектептегі Ғаламтордың сапасын жақсартуға қалай қарайсыздар?
Неге ауылда қиынырақ?
Мұнда жағдай мұғалімдердің қиындығында емес. Бұл жайлы өте көп айтылады және бәрі біледі. Ауылда жағдай басқа, біздің жағдай қиынырақ. Қаламен айырмашылығы қандай десеңіз, түсіндіріп берейін.
Біздің күн таңғы кофе мен жұмысқа дайындалудан басталады. Ауылда өмір сүру үшін өзіңнің шаруашылығың болуы керек. Таңғы сағат 6-да тұрып, үй шаруасына кірісесің. Аяқтағаннан кейін, өзіңді қалыпқа келтіріп мектепке кетесің. Мектептегі жұмыс біткеннен кейін, үйге келіп қағаз толтыруға уақыт жоқ. Даладағы жұмыс толып жатыр. Сол себептен түні бойы қағаз толтырып отырасың. Осындай кезде қалалық мұғалімдерге қызғанышпен қарайсың.
Тағы бір мәселе - мектептер. Бір жағынан, қалалық мұғалімдермен салыстырғанда бізде оқушылар саны аз. Бірақ бұл біздің жұмысымызға айтарлықтай ықпал етеді деп айта алмаймыз. Көптеген мектепте, мысалы менің әріптестерімде шағын сыныптар бар. Сабақтар біріктіріліп, екі сыныпта бір сабақ жүргізіледі, сондықтан құжаттарды екі данада жасауға тура келеді.
Шынын айтқанда, қиындық ата-аналарда да бар. Мойындағым келмесе де, қалалық ата-аналар баласын жақсырақ күтеді. Ал бізде ата-аналар баланы мектепке жібереді және сабақ кезінде олар туралы ұмытады.
Оқушылар ең алдымен мұғалімді құрметтеуі тиіс. Бұл бірінші ереже. Шу шығарып, айғайлап, дауыс көтерсең - баланың көзіне түскенің. Олар сізді жақсы сезеді. Әрине, үйге қайтар жолда сіз жергілікті бұзақының әкесін кездестіруіңіз мүмкін. Әрине оған балаланың тәртібін жақсарту үшін қосымша шаралар қолдануын сұрауға болады, бірақ мен олай жасағым келмейді. Шыны керек, ата-аналар жиналысын жүргізген де ұнамайды. Бір нәрсені білемін, ата-ананың көзінше бала әрқашан мінсіз және барлық кінә бізден.
Баламды ауыл мектебіне беремін
Мен болашағымның қалай дамитынын дәл болжай алмаймын. Бірақ қазір мен тек бір нәрсені білемін - менің балам өзім оқыған және жұмыс істеген мектепте оқиды. Неліктен? Себебі барлық қиындыққа қарамастан, ешкім біздей оқушылардың жетістігін бақыламайды. Қалалық мектептерде мұғалімдер оқушыларды тек мектепте көреді. Ал біздің балаларымыз көз алдымызда өседі, олардың ата-ана, туыстарын білеміз, оларды күнде көреміз. Кейін не болатынын білесіз бе? Біз оларды оқытамыз. Баланы ұмытып кете алмаймыз. Оның әрбір жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне мұңаямыз. Осы үрдіс өмір бойы жалғасады...