08 қаңтар 2015 | 16:21

Автокресло мәселесі әлеуметтік наразылыққа ұласып кетпей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kresla-market.ru ©kresla-market.ru

Елімізде 7 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жол қозғалысы ережелерінің шикі тұстары қоғам тарапынан дау тудырып жатыр, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы. Мамандар жаңа ережелердің қоғам талқысына салынбай бірден қүшіне енуін құптамайды. Өйткені, мұндай жайттар әлеуметтік наразылыққа ұласу мүмкін. Сарапшылардың бұл пікірі қаншалықты негізді?


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 7 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жол қозғалысы ережелерінің шикі тұстары қоғам тарапынан дау тудырып жатыр, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы. Мамандар жаңа ережелердің қоғам талқысына салынбай бірден қүшіне енуін құптамайды. Өйткені, мұндай жайттар әлеуметтік наразылыққа ұласу мүмкін. Сарапшылардың бұл пікірі қаншалықты негізді?

Соңғы бірнеше күнде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейтін қазақ: «Ел болам десең, автокреслоңды түзе» дейтін қалге жетті. Өйткені, заң шықты деген сөз, талап қатаяды. Талап қатайды деген сөз, ең алғашқы соққы қара халыққа тиеді. Себебі, халықтың әр баласына автокресло алатын жағдайы жоқ.

Жағдайы жоқ деген жай сөз. Алдымен есепке жүйріктігімізді бір дәлелдеп алайық. Қазақстанда жылына орташа есеппен 250 мың бала (биыл 262 мың бала мектепке барды) мектеп табалдырығын аттайды. Демек еліміздегі 7 жастағы балалардың саны шамамен орташа есеппен 250 мыңнан асады деген сөз. Осы 250 мыңды 12-ге көбейтсеңіз (Өйткені, жаңа ереже бойынша 12 жасқа дейінгі баланың бәрі автокреслоға «таңылуы» міндетті). 3 млн баланың саны өздігінен шыға келеді. Бұл 3 миллионның үштен бірі автокресло тұтынсын дегеннің өзінде елімізге 1 миллион автокресло тұтынатын нарық пайда болады. Еліміздегі автокреслоның бағасы 20-25 мың теңгенің айналасында. Енді жоғарыдағы 1 миллионды 20 мыңға көбейте қойыңыз... Сіз бен біз ойлауға қорқатын көп нөлдер шыға келеді.

Бірінші сұрақ осы... Сол көп нөлдерді қалтасына басқысы келетін алпауыттар кімдер? Тосыннан күшіне енген жаңа ереженің артында «солар» тұрған жоқ па?

Мұндай заңды сұрақ қойылған кезде лауазымды тұлғалар әлемдік стандартты алдыға тартады. Әлемнің дамыған елдерін мысалға келтіріп, сол дәрежеге жетуіміз қажет деп «міңгірлейді». Еуропа, яки батыс елдері азаматтарының ары кетсе 1-2 баласы болады. Қазақ секілді 4-5 баласымен туған-туыс аралап, той-томалаққа бармайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети