Бүгінде әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, жас толқын өкілдері түгелдей дерлік осы бір жіпсіз желіге көрінбей ноқталанғанын ешкім жоққа шығармаса керек. Аман-сәлемді агенттен бастап, әңгіме пісіруді фейсбукте жалғастыратынымыз өз алдына, вацап, твиттер арқылы видео, фото лақтырып әуреге түсіп жатамыз. Былай қарасаң, қызықтың қызығы екеніне талас жоқ. Күнделікті өмірдегі маңызды, қоғамдық ортада пкірталас тудыратын оқиғаларға қатысты өз ойыңды ашық білдіруге әлеуметтік желілердің пайдасы тиіп-ақ тұр. Алысты жақын ететін, белгілі адамдарды бұрынғыдан да жақсы біле түсуге оның көмегі зор. Бірақ, осы бір әлеуметтік желінің әуресі уақытымызды білдіртпей ұрлайтын қас жауымыз екенін де естен шығаруға болмайды.

Рас, бұл жөнінде аз талқыланып жатқан жоқ. Ал маған таяуда ой салған - бір танысымының сөзі. Әлеуметтік желінің артықшылықтары, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға келгенде» желден де жылдам желілерге жетер ештеңе жоқтығын айтып едім.
-Солайы солай ғой, - деді Берікхан. - Бірақ, қазір өз басым бір айдан бері, не агент, не фейсбук, ешқайсына кірмеймін. Өйткені, оның ағайын арасын суытып жіберетін әсері барын да байқадым. Мысалы, бұрын алыстағы туыстарымызды той-томалақта көргенде қалай қуанып, мәре-сәре болатын едік. Айтар әңгімеміз де таусылмайтын, бұған дейін білмеген қызықтарды бөлісіп, шұрқырасып жататынбыз. Ал қазір ше? Әлеуметтік желіден фотосын көріп отырып жиі сөйлескендіктен бе, бетпе-бет көргенде ешқандай да қуана алмаймын. Семейде тұратын іні-қарындасым, не әпке-жездем Астанаға жолы түсіп кездессек те маған бәрібір. Күнде көріп жүрген танысым секілді. Әрі соңғы уақыттардағы жаңалықтарымен бөлісіп қойғаннан кейін туысымның үйіме келіп қонып жатқанына пәлендей назар аудармаймын.Одан гөрі өз өмірімдегі ертеңгі болатын мәселелер маңызды. Әрі агент арқылы көп нәрсені талқылап қойғандықтан ба, онымен әңгімелесу де аса қызықтыра қоймайды. Әлеуметтік желінің осындай әсері күн сайын білініп бара жатқаннан кейін қазір байланыс түрлерін айтарлықтай пайдаланбаймын.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...