12 наурыз 2014 | 16:54

Әзіл мен мазақты ажырата алмай жүрміз-ау...

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 «Адамды жылату оңай, күлдіру қиын» деген Шекспирдің сөзі қазіргі кезде керісінше айтылу керек секілді. Өйткені бүгінде телеарналардағы көптеген жобалардың басты мақсаты көрерменді жеңіл күлкімен оңай күлдіруге көшіп алғандай. Әрине, әзілдің бәрі салмақсыз, мән-мағынасыз болып барады десек артықтау болатын шығар, дегенмен кейбір әзілкештеріміз күлдіремін деп бүлдіріп алып жататыны жасырын емес. Таяуда ғана "Алаш айнасы" «Күлдіргі бағдарламалармен күлкіге қалып жүрген жоқпыз ба?» деп телеарналардағы қаптаған күлкіге арналған бағдарламалар хақында ой қозғаған болатын. Ал біздің айтпағымыз, әзілге әдебиетті арқау етіп, Абай, Мұқағалиларды мазаққа айналдыру ешбір арнаға сыймайтын келеңсіздік....  

Иконка комментария блок соц сети

Таяуда ғана өткен жастар арасында кеңінен танымал «Жайдарман» байқауының Әдебиет маусымын көріп отырып біздің жастарымыздың әдебиет тақырыбында әлі де ізденістерінің аздығын, осы бір парасатты тақырыпты терең түсіне алмағанына көзім жете түсті. 
 
Әрине, Жайдарман» фестивалі «Әдебиет маусымы» тақырыбын арқау етіп жастардың кітапқа қызығушылығын ояту, көркем әдебиетке деген таным-түсінігін арттыру мақсатын көздегені дұрыс. Дегенмен кейбір  командалар әзілдерінің арасында әдебиет деген сөзді қосудан артық бара алмаса, кейбіреуі Абайды мысалға келтірем деп ұлы ақынды мазаққа айналдырып тұрғанын өздері де түсінбеген секілді. Қалай дейсіз ғой?...
 
Этюдтен үзінді: «Бір топ жігіттен біреуі шығып Абайдың өлеңін оқиды: Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың маңы терең сай.... Кеттік терең сайға барып төбелесейік..»
 
Тағы бір мысал, Павлодар жастар командасы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін Абайдың жанында 50 тиынға тұрғысыз америкалық «50 cent» тобының орындауындағы әннің әуеніне салып алыпты. 
 
«Алмалы» тобының әзілі: «Қайрат Нұртастың түсіне Абай Құнанбаев кіріпті. «Ей, Қайрат балам, әндеріңінің сөзінде мән жоқ, буыны дұрыс емес. Соңғы түсірген киноңды да түзе. Әйтпесе түсіңе Шәкен Айманов кіреді. Ол қазір Рақышевтің түсінде жүр». 
 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети