Бала үй тапсырмасын орындағысы келмесе: психолог пен мұғалім кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала үй тапсырмасын орындағысы келмесе: психолог пен мұғалім кеңесі Фото: depositphotos.com

Бала сабақ оқығысы келмесе не істеу керек? Үй тапсырмасын айқай-шусыз қалай орындатуға болады? Оқу жылы басталғанда бұл сұрақтар мыңдаған ата-ананың бас ауруына айналады. Tengrinews.kz психолог пен педагогтың кеңесін жинады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала сабақ оқығысы келмесе не істеу керек? Үй тапсырмасын айқай-шусыз қалай орындатуға болады? Оқу жылы басталғанда бұл сұрақтар мыңдаған ата-ананың бас ауруына айналады. Tengrinews.kz психолог пен педагогтың кеңесін жинады. 

Сабақ оқымасаң университетке түспейсің, болашағың болмайды. Ата-аналар мәселені күрделендіріп, үй тапсырмасын үлкен жауапкершілік жүгіне айналдырады, ал бұл шиеленіс балаға беріледі.

"Егер ата-ана ашық айтып: "Біз сенің болашағың үшін қорқамыз, сондықтан сабақты маңызды деп санаймыз" десе, балаға түсінікті болар еді", - дейді психолог Лейла Мирас.

Маманның айтуынша, қызығушылық пен ынта жоғалғанда кез келген іс ауыр міндетке айналады.

"Үй тапсырмасы сабақ болудан қалады да, тек күнделікті күйбеңге, шиеленіс ошағына айналады. Егер мұнда айқай, ренжітетін сөздер, шу сияқты сәттер болса, бала психикасы мына байланысты есте сақтайды: сабақ - қауіпті. Келесі жолы бала сабаққа қызығушылықпен емес, қалай ашуландырмаймын, қалай қателеспеймін, қалай болашағымды құртып алмаймын деген оймен қарайды", - деп қосты Мирас.

Ана мен әкенің көңіл күйі баланы қалай уайымшыл етеді?

Психологтың айтуынша, көп нәрсе ересектердің тұрақтылығына байланысты. 

"Балалар бізді тез сканерлеуді үйренеді: есіктің дыбысына, дәліздегі қадамға, сөмкенің үстелге қалай қойылғанына қарап-ақ, не күту керегін түсініп қояды. Олар әрдайым дайындықта өмір сүреді - жасыруға, тығып тастауға, көрсетпеуге. Тек ұрыспса екен деген оймен жүреді. Бұл - созылмалы уайым. Оған мақсат, дағды және қуанышқа кететін орасан зор ресурс жұмсалады. Содан кейін неге бала сабақ қарамайды деп таңғалмаңыз, себебі оның ішкі күші түгелімен ана мен әкені бақылауға кетеді", - дейді психолог.

Ата-анаға ашуын баладан алмау үшін не істеу керек?

Маманның айтуынша, ата-аналар үшін ең бірінші маңызды дағды - белгісіздікті көтере білу. Өйткені бәрін бақылап отыру мүмкін емес: бала қайда түсетінін, кім болатынын және қандай жағдайларға тап болатынын алдын ала білу мүмкін емес. Екінші дағды - баланың кейде қиналатынын қабылдау. Бұл шынымен ата-ана көмегіне және қолдауына мұқтаж сәттер болады.

"Бала үйде сізді бір команда деп білсін. Мұғалім үлгерімді өлшейді, ал ата-ана тірек болады. Үй тапсырмаларының барлығы да осы ұстанымнан басталады", - деп кеңес берді психолог.

Қалай мақтау керек және қалай өтініш айту керек?

Егер бала сізді шынымен тыңдасын десеңіз, 5:1 ережесін ұстаныңыз: алдымен оның жақсы істеп жатқан бес ісін атап өтіңіз және соңында тек бір өтініш айтыңыз. Ал егер әңгіме бірден наразылықтан басталса, психика қорғанысқа көшіп, бала ештеңені қабылдамайды.

Ұмытпаңыз: мектептің мақсаты - оқуға үйрету. Талант бар болғаны 10 пайыз, қалғанының бәрі он мың сағаттық тәжірибе. Біздің міндетіміз - кез келген бағамен ең жоғары бағаға жету емес, керісінше, төзімділікті дамыту, мәселені шешудің жолдарын іздеуге үйрету, тапсырмаға қайта оралу әдетін қалыптастыру. Сонда ғана, нағыз қызығушылық оянады. Бұл алдағы өмірінде баланы сынбауға бейімдейді.

Үй тапсырмасына қанша уақыт қажет?

Үй тапсырмасын орындаудың практикалық жағы туралы педагог Нұрлан Адамовпен талқылап көрдік.

Мұғалім Нұрлан Адамовтың айтуынша, үй тапсырмасына оқушының жасына байланысты нақты уақыт шеңберлері бар. Бұл білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес белгіленген:

  • бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) - күніне 50-70 минут;
  • 5-6 сыныптар - 2 сағатқа дейін;
  • 7-9 сыныптар - 2,5 сағатқа дейін;
  • 10-11 сыныптар - 3 сағатқа дейін.

"Бұл уақыт шеңберлері - денсаулықты және психоэмоционалдық тепе-теңдікті сақтау үшін. Егер балада бұдан көп уақыт кетсе, себептерін іздейміз: білімдегі олқылықтар, уақытты ұйымдастыру, сабақ кестесіндегі жүктеме", - дейді мұғалім.

Мұғалімнің ойынша, ата-аналар жиі жіберетін қате

Педагог үш типтік қателікті бөліп көрсетті:

  • Баланы алмастыру. Үй тапсырмасын баламен бірге емес, баланың орнына орындау. Нәтижесінде - бұрмаланған білім деңгейі және нөлдік дербестік.
  • Нәтижені ғана бағалау. Бағаны мақтап, еңбекті елемеу. Бұл ішкі мотивацияны жояды.
  • Эмоциялық және жас ерекшелігін елемеу. Бастауыш сынып оқушысына ойын мен үзіліс қажет, жасөспірімге - қарым-қатынас пен сенім. Егер "нәтижеге" ғана қысым жасап, тізгінді босатпасақ, соңы қарсылық пен шаршауға алып келеді.

Сабақты қай кезде қарау керек?

Мұғалімнің  айтуынша, мектептен кейінгі ең қолайлы демалыс уақыты - 90 минут.

"Мысалы, 13:00-де үйге келді, тамақ ішті, 60-90 минут демалды, жақсысы серуенге шығып, достарымен араласқаны дұрыс, содан кейін сабаққа отырады. Егер демалысты кешке дейін созса, бала түсіндірілгеннің бір бөлігін ұмытып, шаршау жиналып қалады. Әрқашан қиын тапсырмадан бастап, жеңіл немесе шығармашылықпен аяқтау керек - сонда "жетістік дәмі" қалады. Маңыздысы - блоктарға таймер қою. Мысалы, 25-30 минут жұмыс, 5-10 минут үзіліс", - деді мұғалім.

Күнде кешкісін сабаққа бола айқай: үш тексеріс

Мұғалім бұл қалыпты жағдай емес екенін айтады. Оның пікірінше, мұндай кезде үш блокты тексеру қажет:

  • оқу - баланың шамадан тыс жүктелмегенін, негізгі білімінде олқылықтар жоқтығын анықтау;
  • мұғалім - қарым-қатынас стилі, бала үшін сабақта өзін қауіпсіз сезінуі;
  • денсаулық - логопед, психолог немесе невропатологтың көмегі қажет болуы мүмкін.

"Бала үнемі табысты болса - айқайға орын болмайды. Демек, оның қай жерде үнемі жеңіліс табатынын табуымыз керек те, процесті өзгертуіміз қажет", - деді Адамов.

Бақыт - бестіктен маңызды

Қорытынды жасайық.

Психолог Лейла Мирас балалардың ата-аналардан үйренетінін атап өтті. 

"Баланың орнына оқушының өмірін сүріп беруге тырыспаңыз. Тек тірек болыңыз әрі өз қадамымен жүру құқығын беріңіз", - деп қорытындылады маман.

Педагог Нурлан Адамов сөзін "мектеп - оқуды үйрену үшін" деп түйіндеді.

"Отбасы - өмір сүруді және бақытты болуды үйрену үшін. Егер осы екі міндет тоғысса, үй тапсырмасы қалыпты жетілу бөлігіне айналады - айқайсыз, бірақ нәтижелі", - деп түйіндеді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети