08 қараша 2024 | 09:29

Балалардың қолынан түспейтін “лапка“ ойыншығы несімен қауіпті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: midjourney Фото: midjourney

Мектеп оқушылары арасында жабысқақ "лапка" ойыншығы трендке айналды. Слайм ойыншығына ұқсас антистрестік құралдың денсаулыққа кері әсері бар ма? Massaget.kz маманнан сұрап көрді. 


Иконка комментария блок соц сети

Мектеп оқушылары арасында жабысқақ "лапка" ойыншығы трендке айналды. Слайм ойыншығына ұқсас антистрестік құралдың денсаулыққа кері әсері бар ма? Massaget.kz маманнан сұрап көрді. 

"Лапка" деген не?

Лапка - мысықтың табанының пішініне ұқсатып жасалған стреске қарсы танымал ойыншық. Ол жұмсақ және икемді силиконнан тұрады және әдетте айна немесе әйнек сияқты әртүрлі тегіс беттерге жабысатын қасиеті бар. 

"Лапка" әртүрлі түстер мен дизайндарда болады. Көбіне ішіне жылтыр немесе басқа сәндік элементтер қосылады. Олар шаң мен ұсақ заттарды тез жинайтындықтан, бөлек қапшықта сақтаған дұрыс.

Ол неден жасалады?

"Лапка" ойыншығы бірнеше заттардың қосындысынан тұрады. 

  • Силикон немесе термопластикалық резина (ТПР). Негізгі материал ретінде созылмалы, жұмсақ және былқылдақ тәрізді сезім тудыратын силикон немесе ТПР қолданылады. Бұл материал ойыншыққа жұмсақтық пен икемділік беріп, оны қысқанда, созғанда және түрлі формаларға оңай оралуына мүмкіндік береді.
  • Желатин немесе гидрогель негізіндегі толтырғыш. Кейбір "лапка" ойыншықтарының ішінде су негізіндегі гель немесе гидрогель толтырғыш болады. Бұл толтырғыш оның созылғыштық қасиеттерін күшейтіп, ойыншыққа антистресс әсерін береді.
  • Қосымша элементтер. Кейбір ойыншықтарда жылтыр элементтер немесе ұсақ түйіршіктер болуы мүмкін. Олар лапкаға декоративті көрініс береді. Әдетте бұл элементтер қауіпсіз пластиктен жасалады және олар ойыншықтың ішкі қабатында орналасып, сыртқа шықпайды.

Балалар неге құмар?

Балалардың бұл ойыншыққа құмартуында көп себеп бар. Біріншіден, оның формасы, былқылдақ қасиеті балалардың тактильді сезімін оятады. Түрлі формаға келтіру арқылы ойындар ойнайды. Екіншіден, оның жабысқақтығы балалардың қызығушылығын оятады. Оны қабырғаға, терезеге немесе басқа тегіс беттерге жапсырып, оның біртіндеп төмен сырғанап түскенін қызықтап тамашалайды. Бұл процесс балалар үшін көңілді әрі қызықты көрінеді. Үшіншіден, оның сыртқы дизайны мен жануарлардың табанына ұқсауы да балаларды қызықтырады. Төртіншіден, оның трендке айналуы бір-бірінен қалмай, жаппай сатып алуына әсер етіп жатыр.

Денсаулыққа әсері

Педиатр Сұлушаш Едіге "лапка" ойыншығының балалардың денсаулығына қалай әсер ететіні жайлы былайша пікір білдірді.

"Лапка" ойыншығын қысу, созу және түрлі формаға келтіру ұсақ моторика дағдыларын жақсартады. Бұл жазу, сурет салу сияқты қабілеттерді дамытады. Сондай-ақ тактильді сезімді дамытады. Бұл әсіресе сенсорлық қабылдауында ерекшелігі бар балалар үшін пайдалы. Оны созу, қысу және лақтыру арқылы балалар тактильді, визуалды және моторлы дағдыларын жетілдіреді", - дейді ол. 

Десе де, маман оның зиянды тұстарын да ұмытпау қажеттігін атап өтті.

"Лапка" ойыншығы жыртылып кетсе, бала терісіне желімі тиіп, дененің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Кейбір балалар қызығып аузына салуы да мүмкін. Ондай жағдайда бала уланып қалуы да мүмкін", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети