Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, кейінгі кезде халықаралық және отандық БАҚ-та бөтен адамдар ойыншы ретінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чаттарға шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық ақпарат жарияланып жатыр.

Балаларға интернетте не істеуге болмайды?

  • жеке мәліметтерді (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөлісуге;
  • Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желілердегі қауіпті топтар мен аноним чаттарға кіруге;
  • ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн ойындарды ойнауға.

Ата-аналар баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?

  • бақылау қосымшаларын пайдаланыңыз (Family Link Android үшін, Screen Time iOS үшін);
  • баланың әлеуметтік желілердегі достарының тізімін бақылаңыз;
  • аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.

Көңіл бөлу қажет белгілер:

  • бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады;
  • денесінде түсініксіз жарақаттар пайда болады;
  • тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;
  • агрессивті видеоларды жиі көреді;
  • қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети