29 тамыз 2014 11:36

Баламыз қандай мультик көріп жүр?!

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Осы күні балаларға көретін мультфильм көп. Бірақ ұл-қызымыздың қандай дүниені көріп жатқаны, оның бала психологиясына әсері жайында басымызды қатыра бермейміз. Мультфильмдер кеңес заманында да болды. Біздің ұрпақ “Ну, погоди!”, “Крокодил Гена”, “Чебурашка”, “Маугли” сықылды орысша,“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”, “Ақсақ құлан” атты қазақы мультфильмдерді көріп өсті. Қатыгез ханға баласының мерт болғанын жеткізген домбыраның көмейіне ыстық қорғасын құйылғанда тұла бойымыз түршігіп, жанарымызды жас тұмшалайтын. Сібірдегі бұғышылар өмірінен сыр шертетін бір мультфильмнің атын ұмытсам да, оқиғасының желісі әлі күнге жадымда. Онда үш ұлынан қайыр көрмеген ана ақыр аяғында құсқа айналады да, ұшып кетеді. Ал балалары болса, ауру анасын бағып-қаға алмағандарын енді түсініп, зар еңіреп опынатыны бар. Бірақ мұндай мультфильмдермен бүгінгінің баласын таңғалдыра алмайсыз. Олар шытырман оқиғалы Өрмекші адам, Бэтмен, тасбақа Ниндзя, Шрек дейтін көк есек, аспаздыққа құмар, егеуқұйрық болса да, арман-мақсатына ұмтылған Ремми, бай мен кедей боп бөлінетін роботтар, адамдар сияқты жұмыс істеп, түрлі әрекеттерге баратын көліктер жайын шертетін «Тачки» мультфильмдерін жақсы көреді.

Бірде көршінің 4 жастағы қызы Әлияның «Машаны, аюды көрсет» деп үй ішіндегілерге қиғылық салып жатқанын көргенім бар. Оның анасының айтуынша, кішкентай қыз балабақшадан келген соң міндетті түрде осы мультфильмді көреді екен. Ол ол ма, Әлия мультфильмдегі шолжаңдау басты кейіпкердің қылықтарын салып, үйдегі заттарды шашып, берекетті алатын әдет тауыпты. Ресейде орыс халқының «Маша мен аю» деген ертегісінің желісімен жасалған 37 сериялы мультфильм біздің кішкентай көрермендеріміздің жүрегін «жаулап» алғанға ұқсайды. Мультиктегі Маша тынымсыз, аю байғұстың үйіне келіп бәрін төгіп-шашып, ойына келгенінін істеп бағады. Осы мультфильмді көріп отырған сіздің көкейіңізде «Машаның үйі жоқ па? Мамасы неге іздемейді екені?» деген сауалдар туындап жатады. Психологтар баланың басты тәрбиешісі көгілдір экран, айпад емес, ата-ана, үлкендер екенін естен шығармау керектігін ескертеді.

«Шрек» қатыгездікке, «Спанч Боб» алаңғасарлыққа үндейді

Қазіргі мультфильмдер жоғары технологиямен жасалатындықтан, бояуы қанық, кейіпкерлері құдды тірі адамдай бала біткенді өзіне баурап алады. Бірақ олардың беретін тәрбиесі мықты дей алмайсың. «Шрек» мультфильмін де мектеп жасына дейінгі және мектепте оқитындар да, одан ерсектер де сүйіп қарайды. Бірақ ондағы Фиона деген қыздың іс-құлықтары жақсылыққа жетелейді деу қиын. Мәселен, бірде ол тоғайда сайрап тұрған бұлбұлға ән қоспақ болған кезде, оның даусының ащылығына құс екеш құс шыдай алмай, өліп қалады. Ал, қыздың онымен ісі жоқ, бұлбұлдың жұмыртқаларын алып, Шрекке қуырып береді. Қатыгез емес деп көріңіз. Тірі жәндікке тиме, обалы жібермейді деп тәрбелейтін ұлттық педагогикамыз мұндай мультфильмдерде адыра қалады. Шетелдің өнімдерінде сол елдің менталитеті, болмысы жататыны осыдан-ақ байқалады. Мысалға, бала тәрбиесіне қатты мән беретін Қытайда шетелдің мультфильмдерін көрсетуге, сырттан кіргізуге тиым салынған. Оның астары тереңде. Өйткені психологтар жетіліп келе жатқан баланың санасы құрғақ ақылдан гөрі көргенін жадына тез тоқитынын, бойына сіңіріп алатынын айтады. Қазір жиі көрсетілетін

«Спанч Боб» мультфильмінің бір қарағанда ешқандай жамандығы байқалмайды. Бірақ оның өмірі езуі жиылмайды, ерсі мінез-құлықтары бір басына жетерлік. Ғааламтордағы ақпараттарға сүйенсек, Чикагоның ғалымдары жүргізген зерттеу қорытындысы бұл мультфильмнің баланың ойлау қабілетін төмендететінін көрсеткен. Олар зерттеуге төрт жастағы 60 баланы тартып, олардың 30-ына сурет салдырған, екінші жартысына «Спанч Бобты» көрсетумен болған. Біраз уақыттан кейін 60 баланы психологиялық тестілеуден өткізген. Сонда мультфильм көрген балалардың тест қорытындысы сурет салған балалардан төмен болып шыққан. Сондықтан балаға кейбір түкке алғысыз мультфильмдерді көрсеткенше, оларды шығармашылық жұмыстарға баулыған пайдалырақ.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети