Баланы мектепке дайындау: мемлекеттен қалай көмек алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланы мектепке дайындау: мемлекеттен қалай көмек алуға болады? Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Жаңа оқу жылы қарсаңында бала тәрбиелеп отырған, қолдауға мұқтаж қазақстандық отбасылар материалдық көмекке жүгіне алады. Оқу-ағарту министрлігі кімдердің төлем алуға құқығы барын, қандай құжаттар қажет болатынын және оны қаншалықты тез алуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Education.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа оқу жылы қарсаңында бала тәрбиелеп отырған, қолдауға мұқтаж қазақстандық отбасылар материалдық көмекке жүгіне алады. Оқу-ағарту министрлігі кімдердің төлем алуға құқығы барын, қандай құжаттар қажет болатынын және оны қаншалықты тез алуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Education.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жаңа оқу жылы қарсаңында қолдауға мұқтаж барлық балаға дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырған болатын. Үкімет басшысы биыл бұл мақсаттарға 23 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін, бұл шамамен 500 мыңнан аса баланы қамтуға мүмкіндік беретінін айтқан.

Кімдер материалдық көмек алды?

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 430 мыңнан астам балаға көмек көрсетілгенін - бұл шамамен 87 пайызы екенін хабарлаған.

Ведомство мәліметінше, көмек жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қамтиды.

Министрлік мәліметінше, бүгінде Астана мен Шымкентте қаражат толық көлемде төленген: 100 пайыз отбасы көмек алған.

"Өңірлер ата-аналардың есепшотына қаражатты белсенді түрде аударып жатыр. Көмек алушылар сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді рәсімдеу үшін өтініш беру жеткілікті", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Төлем мөлшері мәслихат шешімі негізінде өңірлік бюджетке сәйкес айқындалады, бірақ бір балаға 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.

Төлемді қалай рәсімдеуге болады?

Tengrinews.kz тілшісіне Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің түсіндіруі бойынша, қаржылай және материалдық көмек мемлекеттік қызметтер туралы заң және министрдің бұйрығымен реттеледі.

"Қызмет өтініш беру сипатында. Яғни ата-ана қағаз түрінде өтінішпен мектеп ұйымына жүгіне алады", - деп хабарлады комитетте.

Сондай-ақ, өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліс 13:00-14:00 аралығын қоспағанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданатыны, демалыс және мереке күндерінен басқа уақыттарда өтініш беруге болатыны нақтыланды.

"Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өтінішті бір күн ішінде қарауды көздейді", - деп толықтырды Комитет.

Қажетті құжаттар

Материалдық көмек алу үшін қажет:

  • қағаз түрінде өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық түрде немесе оның қағаз көшірмесі - егер "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер жоқ болса немесе бала Қазақстаннан тыс жерде туған жағдайда;
  • неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ жүйесінде мәлімет болмаған жағдайда);
  • егер ата-ана қамқоршы болса, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу, патронаттық тәрбиеге беру немесе қабылдаушы отбасына беру туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмесі;
  • егер ТЖ жағдайы болса, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай әкелген апаттардың, зілзалалардың себептерін тексеру актісі;
  • отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы қорытынды, оның негізінде білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі тұлғалар санатын айқындайды.

Сондай-ақ, алушылардың бір санатқа жататындығын растау қажет.

"Егер сөз төтенше жағдайлар немесе қамқоршылық кеңесінің шешімі туралы болса, мәселені тікелей қамқоршылық кеңесі қарайды. ТЖ жағдайында қаулы ұсынылады, мысалы, егер үй өртенсе немесе басқа да ауыр қайғылы жағдай болса", - деп толықтырды комитет өкілдері.

Қалған санаттар "Е-халық" жүйесі мен ұлттық білім беру деректер базасының интеграциясы арқылы автоматты түрде тексеріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети