28 тамыз 2014 | 10:40

Баланы атасы мен әжесінің тәрбиесіне беруге қалай қарайсыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақта «шалдың баласы» деген әдемі тіркес бар. Яғни, біздегі қалыптасқан дәстүр бойынша отбасының тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп жатады. Қазірдің өзінде тілі шыққан сәбиден «кімнің баласысың?» деп сұрасаң, «ата бала», «әже бала» деп жауап беріп жатады. Дегенмен, соңғы уақытта бұл үрдісті қолдамайтындардың қарасы да артқан. Психолог-мамандар баланы ата-анасынынан ерте айырудың салдарынан оның дамуына зиян келуі мүмкін дегенді айтып жүр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақта «шалдың баласы» деген әдемі тіркес бар. Яғни, біздегі қалыптасқан дәстүр бойынша отбасының тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп жатады. Қазірдің өзінде тілі шыққан сәбиден «кімнің баласысың?» деп сұрасаң, «ата бала», «әже бала» деп жауап беріп жатады. Дегенмен, соңғы уақытта бұл үрдісті қолдамайтындардың қарасы да артқан. Психолог-мамандар баланы ата-анасынынан ерте айырудың салдарынан оның дамуына зиян келуі мүмкін дегенді айтып жүр.

Адамның тегін анықтаумен айналысатын маман Әлия Сағымбаева да осындай пікірде. Өзінің айтуынша, ол тұлғаның шыққан тегін зерттеу арқылы басына түскен қиындықтарды шешіп беретін көрінеді. «Мегаполис» газетіне берген сұхбатында Әлия қазақтың дәстүрлеріне қатысты пікірін айтты. Жалпы, ол ұлтымыздың салт-дәстүріне қарсы емес. Бірақ, бала туылған сәтте ең алдымен ата-анасының тәрбиесін көрген жөн деп есептейді ол.

«Қазақта үлкен ұлды туыла салып атасы мен әжесіне беріп жатады. Біздің ата-бабаларымыз аттың үстінде жүрген, соғысқан. Перзенттері қауіпсіздікте болсын деп оларды ата-әжесіне берген. Алайда, уақыт өте бұл дәстүрге айналып кетті. Менің пікірімше, аталған үрдіс дұрыс емес. 3 жасқа дейін бала анасының қамқорлығында болуы керек. Өйткені, бұл уақытта сәбидің дүниетанымында қоршаған ортаға, туғандарына деген махаббаты оянады. Ал, үш жастан бастап баланың тәрбиесіне әкесі араласуы тиіс. Егер сәбиді анасынан ерте ажыратып алатын болса табиғаттың заңдылықтары бұзылады. Болашақта ол бала жиі проблемаларға шалдығып, көңілінде ата-анасына деген реніш пайда болады» дейді Әлия Сағымбаева.

Осы орайда ұлт зиялыларының да пікіріне жүгінгенді жөн көрдік.

Мырзатай Жолдасбек, қоғам қайраткері, академик:

- Неге дұрыс емес? Бұл қазақ қазақ болып қалыптасқан уақыттан бері келе жатқан дәстүр. Қазақ солай өсті, өнді, дамыды, жетілді, ел қатарына қосылды, ешкімнен кем болған жоқ. Қаншама ұлы ғұламалар осы ата-әжесінің тәрбиесімен өсті. Бұл ұрпақ жалғастығына өте жақсы септігін тигізген дәстүр. Қазір туысқандар жат болып бара жатыр. Ал, сіз айтып отырған дәстүр туғандар арасындағы байланысты нығайтатын құрал. Мен салтымызға қарсылық танытып жүрген мамандардың пікірін қолдамаймын. Оның ешқандай да зияны жоқ.

Мен өзім үйленіп, балалы-шағалы болған кезде ата-анам өмірде болған жоқ. Сол үшін балаларымды ата-әжесінің қолына бере алмадым. Ал, қазіргілерді балаңды неге бермедің деп кінәлауға да болмайды. Өйткені, бұрын бәрі бір ауылда, бір үйде тұрған. Қазір болса қарашаңырақ ауылда, бала қалада.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети