Баланың телефонындағы ойын қауіпті ме? ІІМ не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланың телефонындағы ойын қауіпті ме? ІІМ не дейді? Midjourney

Әлеуметтік желіде баланың әкесіне танымал Schoolboy Runaway балалар ойыны туралы айтып жатқан видеосы тарады. Астана тұрғыны қазақстандық ата-аналарға мұндай ойынның зияны туралы ескертуді жөн көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде баланың әкесіне танымал Schoolboy Runaway балалар ойыны туралы айтып жатқан видеосы тарады. Астана тұрғыны қазақстандық ата-аналарға мұндай ойынның зияны туралы ескертуді жөн көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз ол жерде тапсырмаларды орындаймыз: үйден достарымызға қашып барамыз, шатырдан шөпке секіреміз, сымның үстінде жүреміз, көлге түсеміз", - дейді бала.

Оның айтуынша, тапсырмаларды орындағаны үшін ойыншыларға ұпай беріледі, содан кейін достар бір-біріне ұпайын айтып мақтанады.

Баланың әкесі басқа ата-аналарға ескерту үшін дауыстық хабарлама жазып, оны тұрғын үйдің ортақ чатына жіберген.

ІІМ қауіпті балалар ойынына қатысты пікір білдірді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ойындар балаларды тікелей өз-өзіне қол жұмсауға итермелемейді.

"Соңғы уақытта қазақстандықтардың мессенджерлерінде қауіпті ойындар туралы ақпарат тарап жатыр. Мұндай ойындар суицидке бейімделмегеніне қарамастан, олар үйден қашу, үлкендерді тыңдамауды романтизациялау қаупін тудыруы мүмкін. Бұл балалардың психикасына және олардың әлеуметтік нормалар мен ережелерді қабылдауына кері әсерін тигізеді", - деді Әлекешев ІІМ брифингінде.

Осыған байланысты ведомство кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне балаларды тәрбиелеу мен қадағалаудың маңыздылығын еске салады. Жалпы, әрбір суицид оқиғасы бойынша полиция балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген себептерді, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында соталды тергеу жұмыстарын жүргізеді.

"Құрметті ата-аналар, сіздерді баланың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын мұқият бақылауға шақырамыз. Олармен ашық сөйлесеңіз, олардың хоббиіне қызығушылық танытыңыз. Оларға сіздің қолдауыңызды сезінуге уақыт бөліңіз. Олардың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік шеңберіндегі өзгерістерге назар аударыңыз. Егер сіз қандай да бір белгілерді байқасаңыз, әңгімені кейінге қалдырмаңыз", - деді Шыңғыс Әлекешев.

Спикер кейде қарапайым көңіл бөлу мен қамқорлық қиын жағдайда шешуші фактор болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети