Құнды металға деген құмарлық бағзы замандардан бері үзілмей келеді. Тіпті, ашаршылық кезінде де алтын, күміс тас болса да асқа айырбасталып, бүтін бір ауылды аман алып қалғанын тарихтан білеміз. Басқа табиғи байлыққа қарағанда алтынның бәсі қашанда жоғары. Оның басты қасиеті тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Еліміздің басты байлығы саналып отырған мұнай мен газ секілді жағылып не сатылып кетпейді. Сондай-ақ, тұтыну нарығындағы ең өтімді қаражат көзі доллар мен евроның сатып алу құны сəт сайын құбылып тұратыны белгілі. Негізгі капиталын доллар мен еуромен жинағандардың сан соғып қалған кезі аз емес. Ал, аса бағалы металл - алтынның сатып алу құны грамдап өлшеніп, грамдап бағаланады.

Сондықтан да алтынмен сақтау мемлекет үшін де, компания мен банк үшін де өте тиімді. Әсіресе қалың бұқараның басым бөлігі қолдағы қаржысын сол күйінде сақтаудың тиімсіз екенін ұқты. Ақша деген су сияқты, сусып шығып кетеді. Сондықтан да қолдағы капиталын жылжымайтын мүлікке салып жатқандар көп. Ал, анау айтқандай мол ақшасы жоқтары аз да болса алтынмен сақтауды үйреніп келеді. Өйткені құнды металлдың ешуақытта да құнын жоймайтындығы баяғыда-ақ дәлелденіп қойған. Алтынның бағасы әлемдік нарықта жылды айтпағаннның өзінде, ай сайын емес апта аралатып қымбаттаған үстіне қымбаттап барады. Әйтеуір алтын бағасының арзандағанын көрген көз жоқ. Кейінгі күнге керек боп қалар деп жинаған алтынын ақша қажет бола қалған жағдайда ломбардтқа өткізе қояды. Расында бүгінде ломбардтар тастың үстіне шыққан мүктей қаптап барады. Яғни, сұраныс бар деген сөз. Үстіне қойылған аз-маз пайызға ломбард иесі ырза, көршісінен қарыз сұрап жер шұқымағанына тұтынушы да ырза. Сұрағанмен қазір қарызға ақша бере қоятын жан бар ма? Ломбардтардың көбеюімен қоса тағы бір мәселе туындап отыр.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...