Біреу сізден пара сұраса не істеу керек? Заңгер жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біреу сізден пара сұраса не істеу керек? Заңгер жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Заңгер Ғабит Өмірбек baribar.kz тілшісіне берген сұхбатында егер біреу қызметін асыра пайдаланып, пара сұраған жағдайда не істеу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңгер Ғабит Өмірбек baribar.kz тілшісіне берген сұхбатында егер біреу қызметін асыра пайдаланып, пара сұраған жағдайда не істеу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Маманның айтуынша, сізден пара немесе қызметі үшін сыйлық талап етсе, дереу ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call-орталығына хабарласу керек. 

Азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдар мен ұсыныстарды департамент қызметкерлері толық қарастырып, әр азаматтың өтінішіне құлақ асады. Сыбайлас жемқорлыққа тап болған немесе мәжбүрлеген жағдайда call-орталыққа хабарласып, болған оқиғаны баяндап, шағымдануға мүмкіндігіңіз бар.

Шағым айтып, хабарласқандардың жеке бас мәліметін құпия сақтауға кепілдік беріледі. Тіпті пара сұрағаны туралы дереу хабарлап, арыз жазған адамдарға ұсынған ақшаның 30% көлемінде сыйақы беру де қарастырылған.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқығын бұзу, соның ішінде заңсыз тексерулер мен мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақша талап ету фактілері туралы да хабарлауға болатынын еске саламыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети