18 қыркүйек 2024 | 09:45

Биыл елімізде қанша тұрғын үй салынды? Министрлік жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Елімізде тұрғын үй тапшылығы қалай шешіліп жатыр?


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде тұрғын үй тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Елімізде мамандар тұрғын үй тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтып, жиі дабыл қағып жүр. Соңғы 3 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде қай облыстар алда тұр? Осы сұрақ төңірегінде Massaget.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ресми сауал жолдаған еді. 

Соңғы 3 жылда қанша пәтер салынды?

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша соңғы 3 жылда (2021-2023 жылдары) республикада жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 20 миллион шаршы метр және көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 30 миллион шаршы метрді құрайды.

"Биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 15,5 миллион шаршы метрден 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ пайдалануға берілген 439 752 пәтердің 113 871-ін тұрғындар салған. Статистика бойынша, 2021 жылы – 149 497 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 40 785 пәтер, 2022 жылы – 133 195 пәтер, оның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысы – 38 201 пәтер, 2023 жылы – 157 060 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша – 34 881 пәтер салынды ", – делінген ресми жауапта.

Қай өңір үздік үштікте?

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үздік үштігіне
    Шымкент (1012,4 мың ш.м.),
    Қарағанды (663,3 мың ш.м.),
    Қостанай облысында кіреді.
  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы (488,1 мың ш.м.) мен Шығыс Қазақстан облысы (320,5 мың ш.м.) алдыңғы орында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана – 158,1 пайыз (3 810,1 мың ш.м.), Алматы – 130,7 пайыз (2 502,2 мың ш.м.), Ұлытау облысы – 131,6 пайыз (82,7 мың ш.м.) көш бастаған.

Биыл қанша үй пайдалануға берілді?

Биыл 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ал қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша 93 658 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

8 айдың қорытындысымен республиканың 18 өңірінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі тіркелді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Шымкент қаласы (27,3 пайызға – 649,1 мың ш.м.) көш бастап тұр.

Одан кейінгі орында:

  • Жетісу облысы (20,6 пайызға – 150,2 мың ш.м.),
  • Қарағанды (18,8 пайызға – 330,9 мың ш.м.),
  • Павлодар облысы (16,5 пайызға – 203,9 мың ш.м.),
  • Абай облысы (14,4 пайызға – 189,8 мың ш.м.) және
  • Атырау облысы (13,5 пайызға – 416,6 мың ш.м.) тұр.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети